БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
мемлекеттік университетінде көп тілді білім беруді енгізудің бағдарламасы;
университете көп тілді білім беруді ұйымдастырудың ережесі; университетте көп
тілді дамыту Орталығының әрекеті туралы ережесі; көп тілді білім алудың
сапасын тексеріп бағалайтын бірыңғай механизмін қамтитын педагогикалық
мониторинг.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде
көптілді меңгерген маманды даярлау үшін тілдерді оқыту жүйесіне
модернизация жүргізілуде. Ол үшін мынадай ұйымдастыру жұмыстары жүзеге
асырылуда:
- көптілді білім беруді дамыту Орталығы құрылды;
- көптілді білім беру аясында мультимедиялық орталықтардың
мәлеметтер және ақпараттық ресурстарының банкін кеңейту;
- көптілді топтарға студенттерді қабылдау үшін тестілеуді ұйымдастыру
және өткізу;
- көптілді топтарды құру;
- 1-2 курстарды шет тілін тереңдетіп оқытудың және 3-4 курстарда
арнайы пәндерді қазақ, орыс және ағылшын тілінде оқыту үшін оқу жоспарын,
оұу бағдарламаларын және оқулықтар мен оқу құралдарын даярлау;
- шет тілінде сабақ бекру үшін оқытушыларды даярлау;
- университеттің оқытушылары үшін ағылшын тілінің курстарын
ұйымдастыру;
- көптілді білім беру сапасына педагогикалық мониторингті жүзеге
асыру.
Шет тілін оқыту практикасы, оны дидактикалық құралдармен қамтамасыз
ету қажеттігін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, оқу-әдістемелік кешендер, оның
құрамында мыналар баршылық: оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары,
хрестоматиялар, үш тілдік терминологиялық сөздіктер, басқа да сөздіктер, тілдік
пәндер бойынша жұмыс дәптерлері және мультимедиялық ресурстар (тілдік
орталықтар, интернет жаһандық торабы, спутниктік телевидение, электрондық
кітапханалар).
Университетте көптілділікті енгізу жұмыстары 2012 жылы басталды, яғни
оқу жоспарларына өзгерістер енгізіліп, тиісті материалдық-техникалық база
жасақтала бастады, шетел тілінде сабақ беруге оқытушыларды даярлау қолға
алынды. Студенттер үшін лингвистикалық үйірмелер жүргізілуде, олимпиадалар,
байқаулар өткізілуде, тілдік кафедраларда әртүрлі шаралар өткізілуде.
Көптілді білім беру бойынша пәндерді тіліне қарай (қазақша немесе
орысша) оқыту 50% оқытылады, 20% екінші тілде (қазақша немесе орысша) және
30% ағылшын тілінде. Мысалы, студент оқу жылында 14 пән оқиды екен, онда 7
оқу тілінде, 3 екінші тілде және 4 ағылшын тілінде оқытылады.
Мамандықты шет тілде меңгеру үшін арнайы көп тілді топтар құрылды,
қазір онда 500-ден астам студент бар.
Көптілді білім беруді ұйымдастыру үш кезеңнен тұрады: бірінші –
студенттерді алдын ала таңдау, екінші – тілдік даярлық, яғни ағылшын тілін
тереңдетіп оқиды, үшінші – негізгі кезең, яғни базалық және бейіндік пәндерді
үш тілде оқиды. Оқуға жаңа түскен студенттерді ағылшын тілін қаншалықты
меңгергендігін әртүрлі әдістермен анықтап, көп тілді топтар құрады. Олар
бірінші курс бойы тілдік пәндерді тереңдетіп оқиды. Екінші курстан бастап
студенттер негізгі арнайы пәндерді үш тілде меңгереді.
Көптілді білім беру үшін шет тілін жақсы меңгерген оқытушыларды
даярлау қажет. Ол үшін жаңа тақырыптық курстар, жаңа оқыту бағдарламалары
даярланып, олар мақсатты бағытталаған тілдік даярлықпен толықтырылады.
28