БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
жұмысында «құзыреттілік – студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері,
біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті
нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы»
деп көрсеткен [8].
Белгілі педагог Б.А. Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық
әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» атты еңбегінде «...өзінің
практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде
қолдана алуын құзыреттіліктер деп атаймыз» деген анықтама берсе, [9, 147 б.],
Г.Ж.Меңлібекова болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігін – адамның
әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуінің, әрекетті басқарудағы нақты
әлеуметтік білімінің, өзін анықтаудағы субъективтік қабілетінің, әлеуметтік
технологияны жүзеге асыруының біліктілігінің бірігуі ретіндегі кіріктірілген
сапалық қасиеттері ретінде қарастырған [10, 156 б.].
В.В. Краевский мен И.Я. Лернердің пікірлерінше, «құзыреттілік» және
«құзыр» ұғымдары абстрактілік пен нақтылық диалектикалық категорияларының
арақатынасы, яғни құзыр – бұл жүзеге асырылған құзыреттілік, іс-әрекеттегі
құзырлығы [11]. Осылайша түсіндірілетін құзыреттіліктер негізгі немесе
тұғырлық және кәсіби болып бөлінуі мүмкін. Білім беруде тұлғаның негізгі
құзыреттіліктерін
қалыптастыруға
және
дамытуға
бағытталуы
оны
ұйымдастырудағы құзыреттілік бағытын айқындады және ол қазіргі білім беру
жүйесінің әдіснамасында нақты білімділік процессуал негізі ретінде танылып
отыр. Бұдан шығатын қорытынды осы «тұжырымдамаға» және басқа
зерттеушілер қорытып шығарған тұжырымдар негіз болғанын көреміз.
Сонымен құзыреттілік дербес тұрғыдан және жакапкершілікпен әрекет
жасау, белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге
жол ашатын психологиялық ахуал, психологиялық сапаның қосылымы ретінде
белгіленіп жүр.
Қазақстанның Болон үдерісіне қосылып, білім беру жүйесінде көп тілде
оқытуға бағыт бұруы Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттеріне
төмендегідей жаңа межедегі мүмкіндіктер береді:
- оқытушылар мен мен студенттердің академиялық ұтқырлығын
қамтамасыз етуге;
- Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттеріне шетел
университеттерінде кредитттерді қайта тапсыруға және керісінше;
- бірлескен білім беру бағдарламаларын таратуға;
- -жоғары білім жөніндегі қазақстандық дипломдардың еуропалық
аймақтарда жарамдылығын қамтамасыз етуге жағдай жасауға және кез-келген
елде түлектердің жұмысқа орналасуына;
- үш деңгейлі білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті ғылыми-
зерттеу жұмыстарының халықаралық стандартқа сай жүргізілуіне, ғылыми
жарияланымдарды, магистрлік, докторлық диссертацияларды жазуына.
Жоғары оқу орындарында білім алатындардың академиялық ұтқырлығы
тұжырымдамасында
аталып
көрсетілгендей,
бакалавр
мамандардың,
магистранттар мен докторанттардың көпшілігі шетел тілін қажетті деңгейде
меңгермеген, бұл мәселе олар үшін алдыңғы қатарлы ғылыми негіздерге қол
жеткізуге кедергі жасайды, олардың халықаралық
деңгейдегі тиімділігін
төмендетеді [12, 2 б.]. Сол себепті қазіргі таңда шет тілін, соның ішінде ауызекі
тілді емес, кәсіби шет тілін меңгеру және оны жоғары оқу орнында меңгерту
мәселесі өзекті болып отыр.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жағдайында көп тілді білім
беруді ұйымдастыруда мынадай құжаттар пакеті басшылыққа алынды: Қазақстан
Республикасында көп тілді білім берудің тұжырымдамасы; Батыс Қазақстан
27