БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
берілген: «құзыр» - жалпы алғанда қандайда бір тапсырманы орындауға
қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деген мағынаны білдіреді [5].
Ал, Ұлттық Қазақ энциклопедиясында «құзырет» - нақты мекеменің
немесе лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген құқықтарының,
міндеттерінің және өкілеттіліктерінің жиынтығы деп көрсетілген [6].
Сонымен бірге, педагогикалық білім беру теориясында құзыреттілік
маманның өз қызметіндегі проблемаларын нақты жағдайда шеше алу мүмкіндігін
айқындайтын интегралды сипаттама, ол үшін білімі мен өмірлік тәжірибесін
және қабілет пен құндылықтарды пайдалану қажет.
Қазіргі уақытта әртүрлі ғылым саласымен айналысатын ғалымдардың
еңбектерінде құзыреттілік ұғымы төмендегідей әр жақты түсініктерімен
анықталған:
- әр түрлі жағдайларға байланысты кез келген мәселелердің шешімін
табу, конструкциялау және талдауға қажетті білім, білік, тәжірибені игеру;
- жұмыс барысында, өмірде пайда болатын ір түрлі сипаттағы
қиыншылықтарды, кедергілерді өз күшімен шешу, пайда болатын мәселелерді
анықтау және талдау үшін қажетті маманның білімділік, іскерлік деңгейі;
- кәсіп иесіне белгілі бір саланың стандартқа сай қойылатын талаптарына
жеткілікті деңгейдегі білімділік, іскерліктердің жиынтығының болуы және
жоғары жан жақты дайындығы;
- өмірге, мамандығына байланысты функциональдық
міндеттерді
орындауға қажетті нақты кәсіби білім мен біліктілікті игеру және т.б.
Авторлардың пікірлерін қорыта келе, мынадай тұжырым жасаймыз:
- «құзыреттілік» ұғымы тек когнитивтік (танымдық) және технологиялық
құраушы ғана емес, ол әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтық, яғни
оқыту нәтижелерін, құндылықтық бағдар жүйелерін қамтиды;
- құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе, мінез-құлық тәсілдерін
нақты бір жағдайда, іс-әрекетте жұмылдыру қабілеті;
- құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұнының
кіріктірілуі;
- құзыреттіліктер тек оқыту үдерісінде ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі
және дәстүрлі емес білім алу жағдайында да қалыптасады.
Қолдану мүмкіндігіне қарай құзырет, құзыреттілік, кұзыретті ұғымдары
дифференцияланып, педагог-ғалымдар Е.А. Климов, В.А. Сластенин,
А.И. Маркова, А.В. Хуторский т.б. еңбектерінде сипатталып жүр.
Қазақстанда 12-жылдық білім беру жағдайында мұғалімдер мен
оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық және практикалық
мәселелері қазақстандық ғалымдар Б.Т. Кенжебеков (жоғары оқу орны
жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Ә.М. Мұханбетжанова
(мұғалімдерде түйінді құзыреттіліктерді дамыту), Ш.Х. Құрманалина (колледж
жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінін құзыреттілігін дамыту),
Г.Ж. Меңлібекова (болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігі), Б.Қасқатаева
(болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы), М.В. Семенова
(жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру), С.И. Ферхо (мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу
құралдарын пайдалана білу құзыреттілігі) т.б. еңбектерінде жан-жақты
қарастырылуда.
«Құзыреттілік» ұғымы педагогикада да қарастырылған. Мәселен,
К.С. Кудайбергенова өзінің «Құзыреттілік табиғаты тұлғаның өзіндік дамуында»
деп аталатын еңбегінде «Құзыреттілік – белгілі бір сала бойынша хабардар,
білгір, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алу деген
мағынаны білдіреді», - деп қарастырса [7], Г.Ж. Ниязова өзінің зерттеу
26