БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 26

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. лингвистикалық біліктілікті қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарында, ішінара шет тілінде оқуды қолдайтын қағидаларынан да көрініс тапты. Еурокомиссия Еуроодаққа мүше елдердің білім беру жүйелеріне «ана тілімен қоса екі шет тілі» қағидасының енгізілгенін жариялағаны белгілі. Осы орайда қазіргі таңда еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында көп тілде білім беру мәселесі бойынша дөңгелек үстелдер, бейнеконференциялар өткізіліп, нәтижесінде көп тілде білім беру бағдарламалары жасақтала бастады. Көптілді білім берудің нормативті-құқықтық базасын қалыптастыру үшін университеттерде көптілді білім беруді дамытудың тұжырымдамасы жасалып, нақты іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар көптілді білім беруді үйлестіретін орталық құрылып, оның ережесі дайындалды. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жаңа адамның жан-жақты қасиеттерінің толысып, жетілуінде кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімнің атқаратын ролі зор екені көрсетілген [3]. Өйткені 12-жылдық мектептің алдына қойылған мақсат пен нәтижеге апарар жолда жаңа заманға сай, күтілетін нәтижелерге бағытталған жаңарған білім мазмұнын жеке тұлғаға жеткізетін, педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде қолдана алатын, яғни бір сөзбен айтқанда, құзыретті мұғалімдерді дайындау - бүгінгі күннің көкейкесті мәселерінің бірі болып отыр. Бүгінгі маманның біліктілігі, оның білімінің нәтижесі құзыреттіліктер болып танылды. Педагогика ғылымында құзыреттіліктерді анықтау және жіктеу әдіснамасы қалыптасты. Осы әдіснамаға сүйене отырып, құзыреттілік тұрғысынан білім беру үдерісінің мұғалімдерге бағытталу сипаты айқындалды. Осыған орай, білім беру технологияларына, ұйымдастыру формаларына, оқытушылар мен студенттерге, олардың жетістіктерін бағалауға жаңа талаптар қойылуда. Өмірдің қойған міндеттерін құзыреттілік тұрғыдан шешу – «қоғамға қандай, соның талаптарына сәйкесті қоғам мүшесіне қандай білім қажет және ол қоғамның қандай талаптарын орындауға тиісті» деген сауалға жауап іздейді. Мектеп практикасы мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыруды – бүгінгі күннің педагогика ғылымының және білім беру жүйесінің маңызды проблемаларының бірі болып табылатынын көрсетіп отыр. Құзырлылық тұрғыны білім беру жүйесінде қолдану білім берудің нәтижесін сапалы қылуда басты орын алады. Осыған орай, дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзырет», «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне енгізілген. «Құзыреттілік» ұғымы «даярлық» ұғымына мағынасы жағынан жақын болып келеді. Сол себепті, оқытуда кәсіби қасиеттерді кәсіби даярлықтың бөлшектері, ал кәсіби іс-әрекет жағдайында кәсби құзыреттіліктің құрамдас бөлшегі деп есептеуге болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында «құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық болса, ал құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі», - деп көрсетілген [4, 16 б.]. «Құзыреттілік» ұғымы «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз, бұған қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде мынандай анықтама 25