БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 25

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. ӘОЖ 272.851 Габдрахманова Ш.Т. – педагогика ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті E-mail: [email protected] Касымова А.Х. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің доценті E-mail: [email protected] Фатихова А.К. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты E-mail: [email protected] ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІ МАМАНДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Аңдатпа. Мақалада үштілді білім беру арқылы құзыретті маманды қалыптастырудың мәселелері қарастырылған. Мұғалімдерді даярлауда көптілді оқытудың маңызы көрсетілген. Сондықтан үштілділікті меңгертудің ұйымдастыру жолдары белгіленген. Көптілді білім беру көптілді маманды қалыптастырудың негізі екендігі анықтап көрсетілген. Тірек сөздер: жоғары оқу орны, тіл, үштілді білім беру, үштұғырлылық, шет тіл сабағы, өзіндік жұмыс, құзіретті маман. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпэтностық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көптілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру – өзекті мәселелердің бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып: «Еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік», - деп атап көрсеткені белгілі [1]. Қазақстан Республикасының Президенті жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [2] мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында, ал Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға қарай «... барша қазақстандықтар қазақ, орыс тілін – 95% және 25% - ағылшын тілін меңгеруі тиіс» деген міндет қойылған [3]. Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек. О.Б. Алтынбекова, М.М. Копыленко, Б.Х. Хасанов және тағы басқалардың еңбектеріне сүйене отырып «Көптілді білім беру» ұғымына мынадай анықтама береміз – бұл мақсатты бағытталған, ұйымдастырылған, нормаланған индивидті оқыту, тәрбиелеу және дамытуға бағытталған үшбірліктегі процесс, ол арқылы бірнеше тілді бірмезгілде меңгеру негізіне көптілді тұлғаны қалыптастыруды, сөйтіп тұлғада тілдік білімдерді, іскерліктерді, сөйлеу әрекетін меңгерген, тілдерге және мәдениеттерге эмоционалдық-құндылық қатынасты тұлға дамиды. Көптілді білім берудің қажеттілігін түйсіну Еуроодақтың тіл саясатының қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып, болашақ кәсіби салада тиісті 24