БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
жерлермен санаспай, олардың орынды пікірі және құнды ұсыныстарын
қабылдамай,
өздеріне
лайықты
ұлы
державалық
шовинистік
стратегиялықмақсатқа сай шешім шығарып жатты. Әрине, онда жергілікті жердің
табиғи-өмірлік заңдылығы, ұлттықерекшеліктері ескерілмеді. Мұндай сұрқия
саясаттың зардабы республика ауыл шаруашылығынаң қарқынды дамуына
кедергі жасады. Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру бағыты, онда ғылым мен
техниканың жетістіктерін қолдану, өндірісті одан әрі мамандандыру және
шоғырландыру-осының
бәрі
бұқаралық
мамандық
қызметкерлерінің
мамандығын жетілдіруді талап етіп қана қоймай, сонымен қатар орта буын
кадрларының міндеттері ауырлатты. Мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге
асыруда барлық деңгейдегі кадрлардың ролі және жауапкершілігі белгілі
дәрежеде арттырылмады. КСРО-ның бүкіл экономикасы сияқты, Қазақстанның
ауыл шаруашылығында да тоқырау кезеңі кең етек алды. Оның басты себебі, бұл
сала өндірісті бұрынғысынша қара дүрсін әкімшілік-әміршілдік жүйе арқылы
басқарылды. Интенсивті факторлар жүзеге асырылмады, керісінше экстенсивтік
тұғырда шаруашылық жұмыстары жүргізілді. Ғалымдар мен өнер тапқыштардың
егіншілік
пен
мал
шаруашылығындағы
ауыр
жұмыс
үрдістерін
механикаландыруға бағытталған құнды ұсыныстары өндіріске енгізілмеді.
Сөйтіп, олардың ынталылығына жағдай жасалмады, материалдық көтермелеу
даңғаза моральдық қолдаумен (орден-медаль, грамота беру, құрмет тақтасына
жазу т.с.с.) алмастырылды. Еңбек адамдары да материалдық тұрғыдан
ынталандырылмады. Басшы кадрлар мен мамандардың іске деген жауапкершілігі
төмендеді. Олардың арасында екі стандарт берік орын алды: түрлі ресми
жиындардың міндеттерінен партияның саясатын жантәнімізбен қуаттаймыз,
тапсырмасын орындаймыз – деп кеудесін соғып сойледі. Ал практикалық іске
келгенде түбірінен басқаша болып көрінді: шен-шекпен, орден алу үшін жалған
ақпарат берілді. Жоқты бар етіп көрсету сияқты көзбояшылық жазу,
бұрмалаушылық кездесті. Партия комитеттері барлық билікті қолдарына
шоғырландырып, еңбек адамдарының, мамандардың ынта-жігерін өрістетуге
бөгет жасады. Істің ақсағанына партия комитеттерінің басшылдары ұзақ жылдар
бойы сол орнында отырсадаешқандай жауапкершілікке тартылмады. Баспасөз,
демагогияға салынды, үсті-үстіне қаулы-қарарлар қабылданды, бірақ өкінішке
орай олар қағаз жүзінде қалып қойды. Сөйтіп жүргенде, ауыл
шаруашылығындағы жағдай ауырлана берді, халықты азық-түлікпен
жабдықтауға өрескіл кемшіліктер орын алды. Ал соңғы жылдары осы сала
бойынша, қол жеткізген ең үлкен жетістік ретінде агроөнеркәсіптік кешеннің
дамуының тұрақты арнаға түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде
осы салаға қатысты Жер, Орман, Су, кодекстері, астық, ветеринария,
егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңда, көптеген заң аясындағы актілер,
сондай-ақ жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды [10, 2 б.]. Міне, осы құжаттар негізінде, еліміздің ауыл
шаруашылығы саласының алдағы жүрер жолы да айқындалды. Саяси,
экономикалық, идеологиялық қатынастармен көп қырлы болып келетін ауыл
шаруашылығы экономикасының даму заңдылықтарын қарастырғанда, аграрлық
сектордың оның ерекшеліктеріне байланысты, табиғи-биологиялық заңдарға
тәуелділігі бұл сала үшін ерекше аграрлық қатынастардың тән екендігін
көрсетеді [11, 174 б.].
Қазақстан экономикасы әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық, одан әрі
аралас экономикаға өту жолында. Өйткені, нарық экономикалық жүйеден гөрі
шаруашылық жүйеге барынша жақын болып табылады. Қазіргі кезде ауыл
шаруашылығында бұрын қалыптасқан қоғамдық психологияны, еңбек
282