БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | 页面 282

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Ауыл шаруашылығын дамытудың бесжылдық және жылдық жоспарларында өнім өндіру мен мемлекеттік сатып алу көлемін материалдық- техникалық және қаржы ресурстарымен, негізгі өндірістік қорларымен және күрделі қаржыларының көлемінен ұштастыра отырып жасау; Ауыл шаруашылығын тұрақты, пропорционалды және балансталған түрде дамуы үшін материалдық және қаржылық резерв болсын; Ауыл шаруашылығына орталықтағы басшылық кәсіпорынның одан әрі шаруашылықтың дербестігінен дамуымен ұштастырылсын, ұжымшарларға, кеңшарларға және басқа да ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына ұсақ опекаға жол берілмесін. Үкіметтің бұл құжатында ауыл шаруашылығына басшылықтың тұтас бір жүйесі жасалған, онда көзделген мақсат ұжымшарлар, кеншарлар және басқа да ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикасын нығайтуға бағытталды. Мұның өзі ауыл шаруашылығындағы жоспарлау жұмысын заман талабына сай жоғары деңгейге көтеруге көмектесті. Әрбір шаруашылықтың қызметі мен экономикалық еңбек ұжымының экономикалык ынталандыруын бағалауда жұмыстың соңғы нәтижелеріне басымдық роль берілді. Кез келген шаруашылықтың, звено жұмыстарының нәтижелерін өзара салыстыру ұсынылды. Бұл өндірістің натуралдық-мүмкіндік жағы алдыңғы қатарға қойылды деген сөз. Ұжымшарлардың, кеңшарлардың және басқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мемлекетке тапсыруға жататын өнімінен бірегей сатып алу жоспарының белгіленуіне, жеке мемлекеттің әрбір өнім түріне төлейтін ақысының орташа деңгейін сақтауға байланысты 1981 жылдың қаңтарынан бастап жоспардан тыс сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосымша сомасын сатып алу бағасына қосу көзделді. Сонымен қатар, қаулыда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен мемлекетке сату және өндірістің тиімділігін арттыруға материалдық және моральдық ынталандыру жөнінде шаралар белгіленді. Олардың ішінде мемлекетке астық, күнбағыс, қант қызылшасын, мақта және басқа өндірілген өнімнің оныншы бесжылдықта қол жеткен орташа деңгейінен жоғары мемлекетке сатылған өнімге 50%-ға артық ақы төленетін болды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен малдың және құстың өнімділігін арттыруда жоғары көрсеткіштерге жеткен ұжымшарларға, кеншарларға және басқа да ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысшыларына өніміне қарай ақы төлеу-сыйлау жүйесі бойынша еңбегіне қосымша 20-дан 50%-ға дейін ақы төлеу көзделді. Республиканың шаруашылықтарында индустриалдық технология бойынша өсірілетін ауылшаруашылық дақылдары орналасқан егіндіктің көлемі жыл сайын кеңейді. Мұндай технология агротехникалық операциялардың мүлтіксіз орындалуын талап ететіні ескеріліп, осындай жұмысқа арнаулы біліммен қаруланған ең тәжірибелі адамдар, бірінші және екінші сыныпты механизаторлар тартылды. Осылайша, республикада ауыл шаруашылығын интенсивтендіру жөнінде шаралар жүзеге асырылды. Егіншілік пен мал шаруашылығында еңбекті көп талап ететін жұмыс үрдістерін механикаландыруға едәуір ауқымдыжұмыстар атқарылды. Өндірістің тиімділігін арттыру, өндірісті одан әрі қоғамдандыру, оған ғылымның, техниканың және озық тәжірибе жетістіктерін енгізу жолымен жүргізілді. Ғылыми мекемелер, аграрлық ғалымдар жоғары өнімді жаңа сортты дақылдар шығарды. Мал тұқымын асылдандыруда бірқатар істер атқарылды. Ауыл шаруашылығының дамуына қырсық болған жәйт, ол тек Қазақстанда ғана емес, сол кездегі барлық Одақтас республикаларда қажетті техника мен жабдықтарды шығарудын сапалы жүйесін жасаудағы іс-шаралардың болмағаны Мәскеудегі партиялық Кеңес үкіметінің шовинист шенеуніктері жергілікті 281