БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
негізге көшіру міндеттері бірден шешілмеді. Ол бірте-бірте, ондаған жылдар
бойы өнеркәсіптің өрлеуіне қарай жүзеге асырылды. Бірақ, осыған қарамастан,
Республикада қатарға жаңа кәсіпорын іске қосылды: Павлодар трактор заводы,
Харьковте «Орақ және балға» мотор жасау, Тернопольде қызылша-комбайн
жасау және басқалар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылығы машина жсау
зауыттары түбірінен қайта жасақталына бастады.
1986 жылы тамыздың 12 жұлдызына «Казахстанец» тракторы конвейерден
шықты, ал жеті жылдан кейін, жүз мыңызшы тракторлар егін даласына шықты.
Павлодар заводының конструкторлары Куйбышев ауыл шаруашылық
институтының және Бүкілодақтық өнеркәсіп эстетикасы ғылыми-зерттеу
институтының Белоруссия филиалымен бірлесіп, оның қуатын арттыруда үзбей
еңбектенді. Республикада ауыл шаруашылығына қажетті машина, агрегаттар
шығару бірте-бірте дами бастады. «Целиноградсельмаш» заводында тырмалар,
жинағыштар, оларға керек бөлшектер және басқа агрегаттардыжасау қолға
алынды. 1986 жылының тамызында Павлодар трактор зауыты алғашқы
«Казахстанец» деген маркілі тракторларды көптеп шығара бастады. Ақтөбедегі
«Большевик» зауыты төрт түрлі машиналарын жасап шығаруды меңгерді,
сондай-ақ қой қырқатын 100 мың электр машиналар және оған 15 млн. сомдық
қосымша бөлшектерін шығарды. Шымкент облысындағы Манкент «Сельмаш»
зауыты шығару құдықтарын су тартатын механизмдерді жасауға
мамандандырылды. Зауыт ұжымы өнім көлемін екі есе арттыруға міндеттеме
алды. 1970 жылдан 1980 жылға дейін республикада тракторлар шығару 1,5 есе
өсті. Сондай-ақ Қазақстанда жоғарғы сапалы машиналар, техниканың ауыл
шаруашылығына арналған көптеген түрлерін шығара бастады. Тоғызыншы мен
оныншы бесжылдықта механизацияның комплексті түрлерін сапалы шығару ірі
қара мал саласында бес есеге өсті, шошқа фермаларында үш, ал құс фермасында
екі есеге өсті. Сонымен қатар, Қазақстан басқа республикалардан, әсіресе
Ресейден көптеген ауыл шаруашылығы машиналарын, әсіресе қуатты «Кировец-
700» тракторларын алып отырды. Олар республикада ауыл шаруашылығының
барлық саласында кеңінен қолданылды. Олар егістік жұмыстарын қысқа
мерзімде әрі сапалы жүргізуде маңызды роль атқарды. Ауыл шаруашылығының
механикаландыру деңгейі ауыл шаруашылығындағы қоғамдық еңбектің
тиімділігіне айтарлықтай ықпал жасады. Өндірісті механикаландырудың мақсаты
– ауыл шаруашылығы өнімнің өзіндік құнын төмендету, қоғамдық еңбек
шығынын үнемдеуге жету. Сондықтанда, тракторларды, комбайндарды немесе
басқа техника мен жабдықтарды пайдалануға кесірін тигізетін қандай да
болмасын себеп тек техникалық көрсеткіштерге ғана емес, сонымен бірге қаржы
жағдайына кері әсерін тигізді. Мәселен, қажетті техниканың болмауы, немесе
жөндеуден өтпеген дәндә дақылдарды өсірудің агротехникасы мен мерзімін
бұзуға, түсімнің азаюына және астық сапасының төмендеуіне, өзіндік құнның
өсуіне әкеліп соқтырды .
Республикада ауыл шаруашылығына қажетті машина мен жабдықтарды
шығаруда көптеген қиыншылықтар мен олқылық аз болмады. Сондықтанда,
Қазақстан ауыл шаруашылығына қажетті техника жөніндегі сұранысты тек 10%-
ға және қосымша бөлшектерді 15%-ға ғана өзіндегі өнеркәсіп есебінен
қанағаттандырылды, ал қалғандары республикаға сырттан әкелінді. Осыған
сәйкес, КОКП ОК мен КСРО үкіметі 1986 жылғы қарашада қабылдаған «Ауыл
шаруашылық өнімдерін өндіру және дайындауды, жоспарлау және
экономикалық ынталандыруды жақсарту туралы» қаулысында мынадай шаралар
белгіледі:
Ғылыми-техникалық прогресс пен дамудың интенсивті факторларын
күшейтудің тездету негізінде қоғамдықөндірісінің тиімділігін арттыру;
280