БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 280

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. және тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн – деп түсінеміз. 90-шы жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығы саласында құлдыраушылық кең етек алды. Совхоздар мен колхоздардың қаржы жағдайы күрт нашарлады. Шығынмен жұмыс істейтін шаруашылықтардың саны алдын-ала есептулер бойынша, 386-ға жетіп, 5 еседей көбейіп кетті. Шаруашылықтарда мал азығынан жеткіліксіздігі бұл кезде малдың ойдағыдай салмақ қосуына мүмкіндік бермеді. Шаруа қожалықтарының дәнді жүгері өндірудегі үлесі – 11 %, картоп өндіруде – 8%-ға тең болды. Басқа дақылдар бойынша, шаруа қожалықтарының үлесі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде төмен болып саналды. Сонымен қатар, аграрлық сферада барлық меншік және шаруашылық формаларына тән бір жалпы тенденция орын алды. Мәселен, Батыс Қазақстан ірі қара өсіретін шаруашылықтары табиғи жайылым мен шабындықтарды тиімді пайдалану мақсатымен төл алуды да ерте көктемге бейімдеді. Жылдарда қыста және ерте көктемде әрбір 100 сиырдан 80-85 бұзау алынып келді. Қоғамдық сектордағы мал басы төмендеді. Сонымен, әртүрлі категориядағы шаруашылықтардағы мал шарушылығы өнімдерін өндіруді және олардың өнімділігін салыстыра отырып, мына төмендегідей қорытындыға келуге болады. 100 га ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерге шаққанда осы жылдары еттің де, сүттің де төмендегідей байқалды. Оның үстіне ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында (колхоз, совхоздарда) мал шаруашылығы өнімдерінің төмендеуі анық көрінді. Колхоздар мен совхоздардағы ауылшаруашылық алқаптарының сапалық жай-күйін сипаттағанда мына бір жайды айтпауға болмайды: топырақтың су және жел эрозиясының күшеюімен байланысты еліміздің егістік жерлері жылына 1,6 млрд.тоннаға тарта топырақтан айрылды, мұның өзі стандартты тыңайтқышқа шағып есептегенде 38 млн.тонна құнарлы заттардан айрылумен бірдей. Эрозиялық үрдістер жер өңдеуде орын алып отырған кемшіліктерге қосылып, елдің көптеген аймақтарында жыртылатын қабаттағы гумус мөлшерінің жылдан- жылға кемуіне әкеліп соқты. Дақылдарды күтіп-баптау технологиясының жаппай бұзылуы, малды жүйесіз жаю, техникалық тұрғыдан жетілмеген гидротехникалық жүйелердің салынуы және пайдаланылуы, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердің бей-берекет және шамадан артыққолданылуы, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарымен транспорт қалдықтарының тасталуы жердің құнарлылығына жағымсыз әсер етті. Ауыл шаруашылығы алқаптарын арам шөп басып кетуі егіншілікке әжептәуір зиян келтірді. Химияландыру құралдарын, әсіресе гербицидтерді бей-берекет қолдану, арам-шөптерге қарсы зиянкестер мен ауруларға қарсы күрестің профилактикалық, агротехникалық және биологиялық әдістерін елемеу, жер алқаптарының фито санитариялық жай-күйін бақылаудың болмауы осыған әкеліп соқтырды. Адамның жердің қожайыны болуға ұмтылған талабы жеке- меншікшілдіктің сарқыншағы деп жарияланды. Жерде шаруашылықты жүргізудің алуан түрлі тәсілдерінің бәрі іс жүзінде бір формаға әкеп тықпаланды. Колхоздар мен совхоздардың қандай да болсын шаруашылық дербестігі жойылып, олардың еңбеккерлері күндікшілер жағдайына ұшыратылды. Колхоздар, совхозда, шаруалар үстінен бюрократтық апараттың тамақталған жүйесі төніп тұрды. Осының салдарынан, ауыл шаруашылығына орасан зор нұқсан келді. Ауыл шаруашылығын жаңа өндіріс құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – осы саланы индустриялық негізге көшірудің шешуші шарттарының біріболып саналды. Ауыл шаруашылығы өндірісін индустриялық 279