БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 279

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі экономиқалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары [1]. Осынау саяси-моральдық және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тындырды. Олардың арасында М.К. Қозыбаев [2], Б.А. Төлепбаев [3], Х.М. Маданов [4], Г.Ф. Дахшлейгер, К.Нұрпейіс [5], О.Х. Мұхатова [6], К.А. Әліқұлов [7] және т.б. бар. Кеңес үкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды. Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Қоғамтану ғылымдары, соның ішінде ең алдымен тарих ғылымы үшін тарих шындығын қалпына келтіру – жауапты міндет, бірақ бұл өткенді зерттеумен ғана орындала қоймайды; ол бүгінгі болмысты да зерттеуді, ертеңгі ұстанар бағытты да айқындауды қажет етеді [8, 10 б.]. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тарихымен белсенді айналысып жүрген тарихшы – ғалым Т.Омарбековтың мына пікірін айтпай кетуге болмайды: «Шындық толыққанды мағынада айтыла бастады . Егер осыған дейін бұйрықшыл әміршіл – әкімшіл социализм бюрократтық жүйе жағдайында біздің өмір сүріп, еңбек еткенімізді, яғни шындықты жартыкеш, екіұшты ғана айта алғанымызды ескерсек, тарихымыздағы «ақтаңдақтарға» деген халқымыздың қазіргі ерен ынтасын түсінуге болады» [9, 3 б.]. Кеңес үкіметі тұсындағы Қазақстан мемлекетінің ауыл шаруашылығында дамудың экстенсивті жолы таңдалды. Ауыр табиғи- климаттық жағдай ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік бермеді. Өнім көлемін ауыл шаруашылығына кең көлемде инвестиция тарту жолымен немесе егістік жер көлемін ұлғайтып барып қана арттыру мүмкін еді. 50-60жылдары жаппай тың игеру басталды, оның баскезінде егіске жарамды жерлер жыртылса, 70-ші жылдардан соң жерлер таңдаусыз жаппай жыртыла бастады. Ол күтпеген экономикалық қиындықтарға алып келді. Нәтижесінде жайылымның кему салдарынан мал басы да кеміді. Қазақстандағы ауыл экономикасындағы тоқырау, сөйтіп 70-ші жылдары-ақ басталды. Өтпелі кезеңнің зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға колайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері және одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінен күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ та ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты, аграрлық саланың тұрақты 278