БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | 页面 278

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. ӘОЖ 1.6.33. Давлетьярова Б.Х. – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті E-mail: b_monitor@mail.ru Исибаева Е.И. – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті E-mail: isibaeva70@mail.ru КЕҢЕС ҮКІМЕТІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ Аңдатпа. Бұл мақалада Қазақстанның тәуелсіздік қарсаңындағы ауыл шаруашылығының аграрлық қатынастары, оның әлеуметтік экономикалық мазмұны сипатталған. Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі болды. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қазіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды деген ойдамыз. Тірек сөздер: ауыл шаруашылығы, тәуелсіздік, нарықтық жағдай, әкімшіл -әміршіл жүйе,дағдарыс, тоқырау. Қазақстан Республикасы XXI ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Жиырма жылдан астам уақытта еліміздің тәуелсіздігі мен қатар жүргізіліп келе жатқан саяси және экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар көз жетті. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп тануымен арта түсті. Себебі, Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы тиіс». Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өндеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономиқалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршамызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономиқалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. 277