БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
қатынастарын күйретіп, жаңаны қалыптастыруды көздейді. Міне, сондықтанда
нарықтық қатынастарға өту жағдайында, аграрлық саладағы шаруашылық
жүргізудің және меншіктің көптүрлі формалары – аграрлық нарық
қалыптасуының жалпы экономикалық алғы шарты деуге болады. Қоғамымызда
түбірімен өзгеріп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ауыл
шаруашылығы саласындағы реформалар қажеттігі күн талабы болып отыр. Бұл
процессте ауыл шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктерді ескеруге үйретеді
және бүгінгі таңда ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын нақтылап, белгілей түседі. Жалпы алғанда, Қазақстандағы аграрлық
қатынастарды жүйелі талдауда, ең алдымен оның әлеуметтік экономикалық
мазмұнын, сондай-ақ негізгі құрамдас жүйелері болып табылатын меншік
қатынастары, (ол мемлекеттік социализм тұсындағы колхозды-кооперативтік
меншікке негізделген қоғамдық қатынастар), шаруашылық жүргізу формасы,
ұдайы өндіріс процессінде туындайтын қатынастарды айқындайды. (бұл
шаруашылық есеп пен коллективті мердігерлікке көшу негізіндегі бригадалар,
арендаторлар, кооператив бөлімшелерінің, қалыптасуымен аграрлық қатынастар
құрылымы). Қазақстан мемлекетінің ауыл шаруашылығына ерекше көзқарас
аудару қажеттігін дәлелдейтін өзіндік ерекшеліктер де бар. Оның негізгілері:
жерінің кеңдігі, демек тасымалдау шығындарының көптігі, төңіректі қоршаған
мемлекеттердің азық-түлік өндіруге ауа райының қолайлылығы, ол елдердің
тұрғындарының диханшылық қабілетінің жоғарылығы, жердің өнімділігінің
төмендігі, экстенсивті тәсілдерге сүйеніп әдеттенуі т.с.с. Бүгінгі таңда іске
асырылып келген аграрлық реформаның нәтижелерін талдау төмендегідей
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс
себептерін зерттеудің жүйелі тәсілі оның сонау қайта құру кезеңіне дейінгі
уақыттан бастау алғанын көрсетеді. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі
шешілмегендігі шындық. Демек, ауылдағы аграрлық қатынастардың дамуы,
ауылды жандандыру, ауылдағы саяси, әлеуметтік, әрі экономикалық
байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі. Ауыл
шаруашылығын өркендету үшін, жердің табиғи құнарлылығын пайдалану
жеткіліксіз, сонымен қатар озық егіншілік мәдениетін өндіріске енгізу негізінде
топырақтың құнарлылығын үнемі арттыра түсу керек. Ауыл шаруашылығын
интенсивтендірудің мәні – күрделі қаржыны көп жұмсау арқылы жерден
алынатын өнімді көбейту [12, 3 б.]. Алайда қауіп қатер дамыған елдерде ден
қоятын нәрсе, азық-түлік импортының өзінде емес, әлбетте, ауыл шаруашылығы
экстенсивті дамуының салдары болып саналатын аграрлық саладағы еңбек
өнімділігінің мүлде төмендігінде. Егістік жерлерді сауатсыз пайдалану 70-ші
жылдары-ақ онда эрозияға ұшырау, батпақтану мен шөлейттену процестерінің
белсендірек белең алуы, себепті топырақ құнары кемуіне ұрындырды [13, 32 б].
Жер қорының азып-тозуы прцесінде ауылшаруашылық кәсіпорындарды
техникалық жарақтануының төмен деңгейі, суландыру мен жер суару жүйесінің
ескеріп қалған технологиясы үлкен рөл атқарды, су қорларын тұтыну көлемі көл-
көсір болса да, суландыратын жерлердің 17%-ға дейінгі сумен қамтамасыз
етілмеді. Су қорын ұтымды пайдаланбаудың көрнекі мысалы ретінде Арал
теңізін айтуға болар, ал оның құрып кетуі теңізге құятын Сырдария мен
Амудария өзендерінің суын мақта өсіру шаруашылығы қажеті үшін жаппай
жырып әкету салдары еді Бірақ, Кеңес Одағы кезінде КОКП аграрлық
саясатының қателіктері мен кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстанның ауыл
шаруашылығы сол жүйеде дамудың айтарлықтай жоғары деңгейіне көтерілгенін
мойындау қажет. Ауыл шаруашылығында қоғамдық меншіктің қалыптасуы оның
орнығуында, нығаюында және ауыл шаруашылығы халқының тұрмысын қайта
құруды ауыл шаруашылық еңбектің өнімділігін арттыруда маңызды роль
283