БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 268

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. бір мұражай болып табылатын Грузияның Тбилисидегі саяси эмиграция мұражайынан М.Шоқайдың бұрыннан белгісіз еңбектері мен хаттарының үстінен шығады. Түркияда осы кезге дейін мәлім болмаған, барлығы төрт-бес нөмірі жарық көрген «Түркістан» журналы да табылады. Осындай қыруар іздестірудің нәтижесін әрбір дереккөздің соңындағы Алматы, Ташкент, Мәскеу, Тбилиси, Ыстамбұл, Анкара, Берлин, Лондон, Париж, Варшава, Стокгольм, Уфа, т.б. қалалардың аттарынан айқын көруге болады. Бұл Франциядағы М.Шоқайдың жеке мұрағаттық қорынан, Өзбекстан, Қазақстан, Германия, Түркия және т.б. елдердің мұрағат материалдарын, қазақ, орыс, шағатай, ағылшын, француз, неміс, түрік, поляк тілдеріндегі еңбектерді жинау және бірнеше жыл тынымсыз және жүйелі талдау негізінде дайындалғандығы кімді болса да таңғалдырмауы мүмкін емес» деп бағалайды [9]. Кейін ғалым қайтыс болған соң оның еңбектерін қайта саралаған саясатшы: «2012-2014 жылдар аралығында ерекше шығармашылық қайраттың иесі Көшім Лекерұлы жетекшілігімен жалпы көлемі 400 баспа табақ болатын 12 томдық Мұстафа Шоқай мұрасының толық жинағы шықты. Оның ең басты жетістігі мен ерекшелігі Франциядағы жеке мұрағаттық қорынан, Өзбекстан, Қазақстан, Германия, Түркия және т.б. елдердің мұрағатынан алынған қазақ, орыс, түрік шағатай, ағылшын, француз, неміс, поляк, грузин және өзбек тілдеріндегі шығармалардың түпнұсқа күйінде тұңғыш жарық көргендігінде. Жеке мұрағаттық қордан алынған материалдар да бай әрі қызғылықты еді. Мұның үстіне М.Шоқайдың 40 шамалы бүркеншік есімі болғанын, оны анықтаудың да оңай болмағанын ескерте кеткен артық болмас. Отандық мұстафатану ғылымына қосылған теңдесі жоқ бұл толымды жинақтың бірегейлігі мен жоғары деңгейлігін бірнеше фактормен анықтауға болады. Біріншіден, бұл шығармашылық мұраны келер ұрпақтарға бұрмалаусыз, түпнұсқа күйінде жеткізуге мүмкіндік берді. Екіншіден, көптомдық өзінің құрылымымен де, дайындалу жолымен де ерекшеленеді. Оның бірінші томы М.Шоқайдың өмірі мен қызметіне арналған да, қалған томдарында шығармашылық және эпистолярлық мұралар берілген. Үшіншіден, зерттеушінің терең білімді, өзіндік әдіс тәсілі қалыптасқан зерделі тарихшы екендігі. Мұны он екі томдықтың өн бойынан тануға болады» деп толықтырады [10]. Мұндай ғылыми бағалар барша қазақстандық тарихшылар атынан да берілді десек артық болмайды. Мәселен ғалымдар Ә.Б. Дербісәлі, М.Қ. Әбусейітова, Д.Кішібеков, Ә.Н. Нысанбаев, М.Қойгелдиев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі А.Х. Арыстанбекова, Француз Орталық Азияны зерттеу институтының директоры, профессор Ольиве Феррандо, француз профессоры Винсент Фурньо, Француз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Патрик Ренар, түрік ғалымы Вежихи Сефа Хуат Хекимоглы аталмыш туындыны Қазақстан Республикасының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға деп бағалады. Тарихшы М.Шоқайға арнап арнайы бірнеше ғылыми мақалалар жазған. Атасақ, ғалым «М. Шоқайдың эпистолярлық мұрасы» мақаласында М. Шоқайдың мұрасы Шығыс тілдері мен өркениеттері институттарына түгел жетпегенін жазды. Бұл пікірді М. Шоқайдың өмірі мен қызметін біршама зерттеген Х. Оралтай да қостайтынын жазды. Оның айтуынша, Ә. Оқтай мен Тахир Шағатай М. Шоқайдың жеке мұрағатының бір бөлігін, әсіресе, соңғы кезде жазғандарын иемденіп қалғанын аңғартады [5]. Түркияда, Польшада, Германияда, Ресейде сақталған мұрағат материалдарын есепке алғанның өзінде де, Сорбоннадағы қазақ қайраткерінің мұрағаттық қоры Шоқайтану ғылыми бағытының негізін қалайды. М.Шоқай Кеңес Одағындағы мұсылман халықтары жөнінде жүргізіліп отырған этноцидтік, геноцидтік саясатты әшкерелеп, Батыс елдерінде қоғамдық пікір туғызуға 267