БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
тырысты. Ұжымдастыру барысында қазақ халқының жаппай ашаршылыққа
ұшыратылуы туралы Лондондағы таныстарына қабарлайды. М.Шоқай француз,
түрік, неміс тілдерін жетік
біледі. М.Шоқайдың шет елдердің ғылыми
орталықтарымен, беделді баспасөз құралдарымен шығармашылық байланыста
болғанын білдіретін Стэнфорт университетінің жанындағы Гувер институтының
Италияның Шығыстану институтыннан, Францияның Шығыс тілдері мектебінен,
голланд ғалымы Л.Гротижадан, француз ғалымы Ж.Кастаньеден, итальян
ғалымы Э.Инсабатодан т. б. ұйымдар мен тұлғалардан келген хаттар легі де көп
мағлұматтар береді.
«Мұстафа Шоқай. Біз оны қалай зерттеп жүрміз?» мақаласында автор
«М.Шоқайдың ұлтжанды қайраткер ретінде қалыптасуында патша өкіметінің
орыстан өзге халықтар жөнінде жүргізіп отырған отарлық саясаты үлкен рөл
атқарады» - деп өз ойын айтты [5].
Келесі мақаласының бірі «Мустафа Чокай – исследователь истории
восстания 1916 года» атты мақаласы көрнекті қоғам қайраткері М.Шоқайдың
1916 жылғы Орталық Азиядағы көтеріліс жөніндегі теориялық-методологиялық
көзқарастарын зерттеуге арнаған. Онда автор таптық күрес қағидасының 1916
жылғы көтерілісті сипаттауға жарамсыздығы және жалпы орыс революциялық
қозғалысы барлық ағымдардың бірлігі жөніндегі лениндік теорияның
жалғандығы туралы М.Шоқайдың тұжырымдарына назар аударады [11, 130 б.].
Ал профессор К.Есмағамбетовтың келесі «Документы архива французской
полиции как источник по мустафаведению» мақаласында Париждің Префектура
полициясы архивінен алынған тың материалдары негізінде жазылған [11, 143 б.].
К.Есмағамбетов жоғары білікті кәсіби тарихшыларды даярлауға да сүбелі
үлесін қосты. Оның шәкірттері еліміздің жоғары оқу орындарында еңбек етуде.
Олардың қатарында ондаған ғылым докторлары, ғылым кандидаттары бар.
Қорыта келгенде профессор К.Есмағамбетовтың Қазақ тарихын әлем
тарихының бір бөлшегі ретінде сараптап, шет ел зерттеулері арасында қазақтың
шынайы тарихын қалыптастыруға ұмтылған және шет ел зерттеушілерінің
еңбектерін саралау, зерделеу арқылы біртұтас тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттілік
тарихын қалпына келтіруде жазған ғылыми еңбектерінің құндылығы уақыт өткен
сайын арта түспек.
Әдебиеттер:
1. Кушим Лекерович Есмагамбетов. Биобиблиография / Сост.: Л.Абенова,
Д.Медерова. – Алматы, 2014. – 144 с.
2. Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Атамұра
– Қазақстан, 1994. – 240 б.
3. Демко Дж. Орыстардың Қазақстанды отарлауы (1896-1916 г.г.) /
Ағылшын тілінен ауд. Көшім Есмағамбетов. – Алматы: Ғылым, 1997. – 214 б.
4. Есмағамбетов К.Л. Тарих таңдақтары. Бірінші кітап. – Алматы: Арыс,
2008. – 416 б.
5. Есмағамбетов К.Л. Әлем таныған тұлға (М.Шоқайдың дүниетанымы
және қайраткерлік болмысы). – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 504 б.
6. Есмағамбетов К.Л. Азат рухтың күрескері. – Алматы: «Өркениет»
баспасы, 2003. – 176 б.
7. Мұқтар Ә. Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек // Қазақ тарихы
журналы. – 2009. – №3(96). – Б. 19.
268