БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Página 267

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. жасаған. Өлкетанушылар мен кәсіби зерттеулеріндегі көтеріліс туралы бұрмалаушылықтарға нақты архив құжаттарымен тойтарыс береді. Автор өзіне дейінгі авторлар зерттеулерін талдай отыра «махамбеттану ісінде елеулі ілгері алға басушылық» байқалатынын атай отыра, көтерілістің кейбір кезеңдері және оның идеологиясы, Исатайдың мәмілегерлік қыры, Махамбет ақынның мұрасы, отбасы туралы және өзге де мәселелер жаңа методологиялық және деректік негізде бүгінгі тарих ғылымы тұрғысынан қайта тұжырымдалуы қажет деген ұстанымда болған [6]. Көшім Лекерұлының қазақ мемлекеттілігін қайта қалпына келтіруге бар ғұмырын сарп еткен тарихта қалған тұлға Мұстафа Шоқай. Ғалым шоқайтануда бірнеше ғылыми зерттеулерімен ерекшеленген зерттеуші. Оның осы тақырыптағы сүбелі еңбегі - «Әлем таныған тұлға». Еңбек қолдан-қолға тарап, оқырманның заңды қызығушылығын туғызды. Монографияға жазған сын- пікірінде тарихы Ә.Мұқтар: «Зерттеуші ғалым К.Лекерұлы М.Шоқайды «барар жері, басар тауы» қалмаған соң Түркияға кетті деушілерге, Мұстафаның қолында сол уақытта АҚШ-қа да баруға визасының болғандығын алға тартуы, ондай визаны пайдаланған В. Лебедевтің АҚШ-қа, Францияға жетуін деректермен айғақтауы өте сенімді. 1921 жылы наурызда Мұстафаның Парижге келіп, Италияға, Германияға барып, Түркістанның тәуелсіздігі үшін батыс елдердің моральдық және материалдық көмегіне сүйенуді көздегені, кейін түпкілікті «саяси эмиграция астанасы» саналатын Парижге тұрақтануы тұлға өмірінің күрделі кезеңдерінен сыр шертеді. 1941 жылы желтоқсан айында қайтыс болғанға дейінгі оқиғалардың ізімен жүріп, оны өзара байланыстыра білуі, тарихи деректерді терең талдауы, әлемнің түкпір-түкпіріндегі бірнеше пікірлерді салыстыра алуы, ғалымның тақырыпқа терең бойлағандығын айғақтайды» деп бағалайды [7, 19 б.]. Ғалым: «Мұстафа ұлт намысын, ар-ожданын бәрінен де жоғары қояды. Өз тарапынан да саяси күресте адалдықты жоғары тұрады. Түркістанның тәуелсіздігі үшін күресте оған апаратын жолдың да таза болуын қарайды... Қыр баласы Мұстафаның әлемдік биіктегі тұлғалар қатарынан көрініп, алған асулары мен халқы үшін жасаған жанқиярлық еңбектері ұлтын сүйер бүгінгі азат ұрпақ үшін ауадай қажет. Халқын сүйіп, болашағын күйттесе көзі ашық оқырман Мұстафадан үлгі алсып, Мұстафадан ел сүю дәстүрін үйренуі қажет деп қорытады [4, 395 б.]. К.Есмағамбетовтың сүбелі еңбегі М.Шоқайдың әлемге тараған өз қолымен жазылған ғылыми мұрасын жинақтап, жариялап үлгеруі еді. Осылайша М.Шоқайдың 12 томдық шығармалар жинағы тұңғыш рет жинақталып басылды [8]. Зерттеушілер ғалым еңбегіне жоғары баға берді. Өйткені ол үлкен қажыр- қайратты, жоғары кәсібилікті қажет етті. Ғалымның өзі мойындағандай тиянақты іргелі еңбекті жинақтап, саралауға 15 жылдан астам уақыт кеткен. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қолдауымен ғалым Мұстафаға қатысы бар деген әлемдік кітапхана мен архивтерде жұмыс жасады, одан қажетті деректерге тапсырыс берді. Жинақ бай тарихи деректерді топтастырды. Мұны ескерген саяси ғылымдардың докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір: «Мұстафа Шоқайдың шығармаларын жинаудың өзі де ерекше қажыр-қайратты қажет еткенін айтпай кетуге болмайды. Оның біразы Париждегі Шығыс тілдері мен өркениеттері институтының кітапханасында сақталған. Қалған еңбектер Түркияның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қазақстанның, Польшаның, Америка Құрама Штаттарының, Ұлыбритания мен Грузияның мұрағаттары мен кітапханаларынан, сирек қолжазбалар сақталған қорларынан табылған. Олар қазақ, орыс, шағатай, түрік, әзербайжан, француз, ағылшын, неміс, поляк, голланд, грузин тілдерінде жарық көрген түпнұсқа еңбектерін құрайды. Зерттеуші посткеңестік кеңістіктегі бірден- 266