БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
ағылшын, неміс, француз тілдерінде басылған материалдары жан-жақты енгізеді.
Ғалым оны сонау кеңестік заманда-ақ қазақ тарихының тамыры тереңнен
алатынын айқындауды қолған алғанды. Сол жылдары ол ағылшын тарихшысы
Алэн Бождер, неміс тарихшысы А.Каппелердің және өзгелердің ізденістеріне
назар аударады. Мәселен, Алэн Бождер 1980 жылы «The Slavonic and East
European Revieur»-де жарияланған
«Қазақтардың Кіші ордасының ханы
Әбілқайыр және оның 1731 жылғы қазанда Ресейге адалдыққа берген анты»
деген мақаласында көп ауқымды деректемелер мен әдебиетке сүйене отырып,
проблемаға өз көзқарасын айтуға тырысады. Кіші жүз қазақтары бодандығының
сипатын А.Боджер Ресей қамқорлығында болуға келісе отырып, олар қажет
болған кезде орыс шекарасын қорғауға; Орта Азияға баратын орыс сауда
керуендеріне көмек көрсетуге және қорғауға уәде берді деп анықтайды [2, 55 б.].
А.Каппелер 1916 жылғы көтерілістің негізгі себебі патша өкіметінің отаршалдық
үстемдігі,
оның
Қазақстандағы
жер
мәселесінде
түгелімен
славян
қоныстанушыларының мүдделерін көздеп жүргізілген саясаты деп санайды [2, 60 б.].
Араға уақыт сала ол «Ғылым» баспасынан жарық көрген Индиана
университетінің (АҚШ) профессоры Дж.Демконың «Орыстардың Қазақстанды
отарлауы»атты күрделі еңбегін ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударады [3,
429 б.].
К.Есмағамбетов
кеңестік
кезеңдегі
Қазақстанның
әлеуметтік-
экономикалық, саяси дамуын саралаған М.Б. Олкотт, Р.Пайпс, Х.Дейвис,
Э.Гудмэн, Р.Пирс, Х.Сетон-Уотсон, Дж.Бейкер секілді шетел тарихшыларының
зерттеулеріне айырықша назар аударады. Солардың ішінде Колгейт
университетінің профессоры М.Б. Олкотт 1917 жылғы ақпан революциясы
барлық қоғамға әсерін тигізіп, қазақтар Уақытша үкіметті қолдағанын жазады.
Тарихшы революциядан кейін жиырмаға жуық жастар қоғамы құрылып,
солардың ішінде Орынбордағы «Игілікті іс» және Оралдағы «Үкімет» пен «Жас
қазақ» сияқты қоғамдарды атап өтеді. «1917 жылғы мамырдың ортасында
«Қазақ» газеті қазақ халқы үшін саяси автономияны қолдап, бірсыпыра
мақалалар жазды»-деген мәлімет береді [4, 129 б.]. Сонымен қатар, Халел
Ғаббасовтың Қазақ автономиясын жариялау, бақылау кеңесін және тәуелсіз
халық жасақшыларын құру қажеттілігіне тоқталып, кіріспе сөз сөйлегенін атап
өтеді. Гарвард университетінің профессоры Р.Пайпс: «1917 жылы шілдеде
қазақтар өздерінің Алашорда үкіметі арқылы саяси бағдарламасының ең
маңызды талаптарының бірі ретінде территориялық автономия беру жөнінде
мәселе көтерді. Автономия идеясы түркі халықтарын мазалап келген аграрлық
мәселемен тығыз байланысты еді»- деп, 1920 жылы қазан айында Қазақ
Автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылғанын жазды. Сонымен
қатар, автордың тұжырымдауы бойынша, «Кеңес Одағы унитарлық, бір
орталыққа бағындырылған, тотаритарлық мемлекет ретінде пайда болды, патша
өкметі ешқашан да ондай болған емес...» -деп, өз ойын ашық айтады [5, 152 б.].
Ғалым шетелдік зерттеушілердің зерттеулерін саралай келе олардың
ұстанымдарының өзіндік ерекшеліктерін дәлелдейді. Өйткені шетелдік
зерттеушілер қазақтардың сан ғасырлық отарлауға қарсы күрестерін біріңғай
принцип бойынша түсіндірді, басты мәселе мемлекеттілікті сақтау екенін ашық
айтты.
Тарихшы К.Есмағамбетов мемлекттілікті сақтау жолында халқының
айырықша құрметіне ие болған тұлғаларға көңіл аударды, оларды мұрағат
деректерімен жаңаша зерделеді. Оған тарихшының «Азат рухтың күрескері»
атты зерттеуі дәлел бола алады. Бұл еңбегінде 1836-1838 жылдар аралығында
батыс өлкедегі азаттық күресіне, ұйымдастырушылары Исатай Тайманұлы мен
Махамбет Өтемісұлы тарихының ақтаңдақ беттерін архив деректерімен талдау
265