БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 265

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. оқытушылықтан бастайды. Осыдан бастап 1980 жылдарға дейін Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушысы, аға оқытушысы және доценттік қызметтерін атқарады. Педагогтік қызметімен қоса 1967 жылы Көшім Лекерұлы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі Хаттама бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасайды. Осы жылы Мәскеу қаласында өткен Ирак делегациясының құрметіне ұйымдастырылған КСРО Сыртқы істер министрлігінің қабылдауына қатысады. Жас тарихшы 1968 жылы тарих ғылымына бет бұрып, С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің аспирантурасына түсіп, 1971 жылы бітіреді. Аспирантураға түскен жылы Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің қоғамдық ғылымдарды оқыту бөлімінің аға нұсқаушысы қызметін қоса атқарады. 1972-1973 жылдар аралығы Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім министрінің көмекшісі, ал 1979 жылы Қазақстан делегациясы басшысының орынбасары ретінде Түркияда өткен Измир халықаралық жәрмеңкесіне қатысады.1984-1993 жылдар аралығында «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясында ғылыми редактор, бөлім меңгерушісі және осы редақцияның Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар орталығының басшысы бола жүріп, бірнеше жылғы жүргізген ғылыми ізденістері нәтижесінде 1990 жылы «Историко-этнографическое изучение дореволюционного Казахстана в Англии и США» тақырыбындағы ғылыми жұмысын сәтті қорғап, 1991 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болады. Ал 1993-1996 жылдарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Сыртқы қатынастар бөлімінің меңгерушісі, Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар орталығының басшысы қызметтерін атқарды. 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мұрағат ісі және Құжаттану ғылыми- техникалық ақпарат орталығының директоры қызметін атқара жүре «Зарубежная историография Казахстана (с древних времен до начала 90-х годов XX в.) атты докторлық ғылыми зерттеуін қорғап, 2001 жылы тарих ғылымдарының докторы дәрежесіне диссертациясын қорғайды. 2003 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкерлігін атқарды. Жалпы Көшім Лекерұлы бар ғұмырын білім және ғылым саласына арнаған ғалым. Ғалымның зерттеулерінде басты көрініс тапқан бағыттары Қазақстан тарих ғылымының өзекті мәселелері, оның ішінде қазақтар туралы шет ел зерттеулеріне, тарихнама, деректану, тарих методологиясы, тарих ғылымының философиялық мәселелеріне, қазақ мемлекеттілігі тарихына, тұлғатану, зерттеудің деректік негіздері, архивтану ісі, құжаттармен жұмыс, ғылыми публицистика саласына, ғылыми аудармашылық, баспагерлік, сонымен бірге энциклопедиялық зерттеулердің негізін қалағандығын атауымыз қажет. Бұл мәселеде тарих ғылымдарының докторы Б.Көмеков: «К.Л. Есмағамбетовтің жан- жақты қызметінің басым бағытын Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеу, зерделеу, шетел тілдеріндегі көпшілік жұртқа беймәлім дереккөздерін ғылыми айналымға қосу құрайды. Ол алғашқылардың бірі болып Қазақстан тарихының батыс елдерінде зерттелуі туралы кең хронологиялық кезеңді қамтитын тақырыптан кандидаттық және докторлық диссертация қорғады. Олар кезінде Г.Ф. Дахшлейгер, П.Г. Галузо, М.Қ. Қозыбаев және т.б. білікті ғaлымдар тарапынан жоғары бағаланды», - деп ойын білдіреді [1, 17 б.]. Дегенмен ғалымның негізгі ғылыми ізденістері Қазақстанды зерттеген шет елдік зерттеулерді тарихнамалық талдау арқылы көне дәуірден тәуелсіз ел атанған тұсқа дейінгі кезеңді қамтиды. Соның ішінде ол халқымыз үшін аса маңызды мемлекеттілік мәселесіне үлкен назар аударады. К.Есмағамбетов «Қазақтар шетел әдебиетінде» атты еңбегінде қазақтар туралы шетел ғалымдары, жазушылары мен публицистері қағазға түсірген 264