БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 264

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Rysbekov T.Z., Ikhsanova A.B. HISTORY OF WESTERN KAZAKHSTAN IN THE WORKS OF REPRESENTATIVES OF SCIENTIFIC INTELLIGENTSIA This article is devoted to the study of the works of representatives of the scientific intelligentsia of Western Kazakhstan - T.Z. Rysbekov, I.N. Kenzhaliyev, B.K. Birimzharov. The article analyzes the research scientists devoted to the study of the history of the native land. The article also discusses the years of life of scientists and the ways of becoming in science. Keywords: intellectuals, history of Western Kazakhstan, Kenzhaliyev I.N., Rysbekov T.Z., Birimzharov B. K. *** ӘОЖ 93/94 Ахметова Ұ.Т. – тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті E-mail: ulzhan.axmetova.67@mail.ru Жұбанов Б.А. – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты E-mail: Zhubanovbolat@gmail.com ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ ТАРИХЫ ЖӘНЕ К.Л. ЕСМАҒАМБЕТОВ Аңдатпа. Мақалада тарихшы К.Л. Есмағамбетовтың ғылыми ізденістері талданады. К.Л. Есмағамбетовтың жан-жақты қызметінің басым бағытын Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеу, зерделеу, шетел тілдеріндегі көпшілік жұртқа беймәлім дереккөздерін ғылыми айналымға қосу құрайды. Ғалым еңбектері ел мен елді жақындастыруға, тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада оң имиджін қалыптастыруға, тарих тәжірибесінен сабақ алуға еңбек етті. Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № АР 05134572 ғылыми жобасын орындауға арналған. Тірек сөздер: Қазақстан тарихы, мемлекеттілік тарихы, тарихшы, тарихнама, шетел тарихнамасы, деректану, методология, ғылыми зерттеулер. Тәуелсіз Қазақ мемлекеттілігі тарихын зерделеуге үлес қосқан тарихшыларымыздың бірі Көшім Лекерұлы Есмағамбетов. Ол Қазақстан тарихы ғылымында қазақты зерттеген шетел тарихнамасының негізін қалаушы, тұлғатанушы, энциклопедист ғалым ретінде есте қалды. К.Л. Есмағамбетов Атырау облысы Индер ауданына қарасты Қаңбақты ауылында қарапайым қазақтың отбасында 1938 жылдың 29 қазанында дүниеге келген [1]. Ол аудандағы Кулагино ауылынан бастауыш білімін бастап, кейін орта мектепті аудан орталығынан үздік тәмамдап, 1957-1960 жылдары Кеңес Армиясының қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтеп қайтады. 1960 жылы білімін одан әрі жалғастыру мақсатында Москва қаласына барып Патрис Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетіне оқуға түсіп студент атанады. Студенттік шағынан бастап қазақ тарихын зерттеген шет ел зерттеулеріне назар аударады. Университетті үздік оқып 1965 жылы «тарихшы» және «ағылшын тілінің аудармашысы» мамандықтарын меңгеріп, 1965-1966 оқу жылында С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде еңбек жолын 263