БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
ұстаздық өнерге, шәкірт тәрбиелеуге арнаған және тарих ғылымының дамуына
үлес қосқан ғалымдардың бірі Бақтығұл Қабдірұлы Бірімжаров болды.
Профессор Бақтығұл Бірімжаров 1 маусымда Батыс Қазақстан облысы,
Орда ауданы, Сайқын ауылында дүниеге келді. 1966 ж орта мектепті, кейін 1972
жылы С.Киров атындағы ҚазМУ-дың тарих факультетінде оқып, үздік
дипломмен оқып бітірген [3, 213 б.].
Еңбек жолын М.Мәметова атындағы Сайқын орта мектебінде мұғалімдік
қызметтен бастаған. 1972 жылы А.Пушкин атындағы Орал пединститутының
тарих факультетіне жалпы тарих кафедрасының оқытушысы болып орналасады.
1976 жылы Қазақ КСРО ҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және
этнография институтының аспирантурасына түсіп, оны 1979 жылы ойдағыдай
аяқтап, көрнекті ғалым, академик К. Нұрпейісовтің ғылыми жетекшілігімен
кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, 1980 жылы тарих ғылымдарының
кандидаты дәрежесіне ие болды.
Б. Бірімжаров 1997 жылы 28 мамырда ҚР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы
тарих, археология және этнография институтының диссертациялық кеңесінде
академик К.Нұрпейісовтің ғылыми кеңесшілігімен «Село Казахстана в 60-е – 80-
е годы конкретно-исторический анализ по материалам Западно-Казахстанского
региона» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғады.
Бақтығұл Қабдірұлының Қазақстан тарихы, оның ішінде Батыс Қазақстан
тарихының дамуына қосқан ең басты және құнды үлесі өлкенің ауыл
шаруашылығының дамуы мәселелері мен Бөкей ордасы тарихы бойынша
еңбектері. Бөкей ордасының 200 жылдық мерейтойына әзірлік барысында бұл
өлкенің тарихына қатысты көптеген еңбектер жариялана бастады. Мұндай
зерттеулердің көш басында профессор Б.Қ. Бірімжаров та болды. Ғалым
А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Бөкей ордасының Қазақстан
тарихында алатын орны» атты баяндама жасады. Баяндамасында Бөкей
ордасының құрылуының нақты отаршылдық сипаттағы себептері, хандық
биліктің даму кезеңдері, Жәңгір хан тұсіндағы қоғамдық-саяси құрылысқа
жаңаша баға беруге ұмтылушылығы үлкен маңызға ие.
Ғалымның «Қазақстан ауыл-селоларының 60-80 жылдардағы әлеуметтік-
экономикалық дамуы» атты көлемді монографиясында Батыс Қазақстан облысы,
оның ішінде Жәнібек, Орда аудандарының шаруашылықтарындағы ауыл
еңбеккерлерінің қол жеткізген табыстары нақты тарихи құжаттармен, мұрағат
материалдарымен көрсетіледі. Әсіресе, 70-жылдардың ортасында М.Мәметова,
«Орда», «Бисен», Т.Масин, «Құрманғазы», «Искра» кеңшарларының аграрлық
секторды дамытуда қол жеткен табыстары дараланып, мал шаруашылығын
дамытуда ірі жетістікке қол жеткізген малшы-шопандардың, олардың ішінде
Социалистік Еңбек Ері Е.Есімовтің, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты
Марфуға Азаматованың және т.б. еңбек озаттарының еңбектері сараланып
берілген.
Бөкей ордасы тарихы мектеп бағдарламасына сәйкес жазылған «Батыс
Қазақстан облысының тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі кезге дейін)» атты
ұжымдық өлкетану оқулығында да үлкен орын алады. Ғалым аталған еңбектің
«Бөкей ордасы соғыстан кейінгі жылдарда» бөлімін жазып шықты. Онда автор
соғыстан кейінгі қиын жылдардағы ауданның дамуын ауыл шаруашылығының
біртіндеп қалпына келтірілуін мұрағат құжаттары негізінде қмтыған. Батыс
Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты қорларын ақтарып, Орда ауданының
шоғырланған 761, 850, 1063, 869, 976, 1677, 164, 1759, 1977- қорлардың
құжаттарын қарастырған [21, 16 б.].
260