БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 262

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Батыс Қазақстан аймағы, оның ішінде Бөкей Ордасы тарихы терең, әрі әркелкі тарихи тұлғалардың саяси-қоғамдық қызметтерімен тікелей байланысты болып келді. Осы тұрғыда ғалымның тәуелсіз Қазақстан жағдайында жариялаған және тарихи тұлғаларға қатынасты мақалалары мен еңбектерінің алатын орны ерекше. Әсіресе, батыс өлкесінен, оның ішінде Бөкей Ордасынан шыққан саяси- қоғамдық және ғылыми қызметтері белгілі ғалым Ш.Уәлихановтың өмір сүрген дәуірімен бір тұста өмір сүрген, әрі онымен әріптес, серіктес болған М.С. Бабажановтың өмір дерегі, ғылыми шығармашылығы, қоғамдық-саяси тұрғыдағы қайраткерлігі хақында жазылған жергілікті басылымдар мен ғылыми әдебиеттердегі материалдың жергілікті халықтың ұлттық санасына, тарихи сана- сезімінің оянуына, одан әрі дамуына танымдық тұрғыда ерекше әсер еткені белгілі. Сонымен бірге, өзінің ғылыми еңбектерінде Бөкей ордасынан ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында шыққан ғалым, ойшыл, педагог, философтар Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Ғұмар Қараш, саяси-қоғамдық қайраткерлер С.Меңдешев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, М.Бекмұхамедов, Ш.Бөкеев тағы басқалардың сан қырлы қызметтерінің ашылып көрсетілуі, ғалымның шығармашылық ізденістеріндегі ірі жетістіктері болып табылады. Сөз жоқ, бұл тарихи тұлғалардың өмірлік өнегелерін зерделеу, әрі жас өспірім ұрпақтарға оларды таныту өз өлкеміздің тарихын терең ұғынуға жол бастайтыны талас тудырмайтын мәселе [1, 30 б.]. Бүгінгі күні ғалымның соңында 5 монография, 3 ұжымдық еңбек, 4 оқулық, 20 оқу-әдістемелік еңбек, 120 ғылыми мақала, 32 баяндама, тезистері қалды. Бақтығұл Қабдірұлы Бірімжаров Батыс Қазақстан тарихында тың ғылыми еңбектер жазып, тұжырымды ғылыми пікірлер жариялаған тарихшы болуымен қатар, университеттің жаңа буының тәрбиелеген ұлағатты ұстаз ретінде ел есінде қалатындығы сөзсіз [21, 16 б.]. «Зиялылық» мәселесіне ерекше назар аударған Мұстафа Шоқай, «Ұлттың зиялысы» шығармасында «оқыған, тәрбие көрген адамның бәрін зиялы деп атап, оны сол адам өзі тән болған ұлттың «ұлттық зиялысы» қатарына қоса беруге болады деп ойласақ, сөзсіз қателесеміз, - дей келіп, - Біздіңше, белгілі бір мұрат- мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттар төңірегіне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады», - деп тұжырымдайды [22, 25 б.]. Демек, зиялы қатарына қосылған азамат өзінің халық алдындағы зор жауапкершілігін сезінуі керек, өзінің әрбір ісінен рухани жетілуге сәйкес келетін үрдісті таныту тиіс. Отандық тарих ғылымы, соның ішінде, Батыс Қазақстан тарихын зерттеуге өз үлестерін қосқан ғалым-интеллигенция өкілдері өлке тарихының шынайы бейнесін танытуға талпынып, кейінгі ұрпаққа өлке тарихынан мол мұра қалдырды. Осы орайда, тарихшы-ғалымдарымыз нағыз ұлт зиялысы деген атқа әбден лайықты деп есептейміз. Жалпы, қарастырып отырған ғалым-интеллигенция өкілдерінің өлке тарихын кешенді зерттеуге қосқан үлесі сөз жоқ орасан зор. Әдебиеттер: 1. Рысбеков Т.З. Терең білім мен төл тарихымызды меңгерген ұстаз- ғалым // Б.Бірімжаров Перзент парызы. – Орал: Шұғыла Принт, 2017 – Б. 29. 2. Жақсығалиев Ж. Зерделі зиялы // Орал өңірі. – 2007. – 19 шілде. – Б. 7. 3. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: Арыс, 2002. – 592 б. 4. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты, 450 қор, 1- тізімдеме, 2-іс. 261