БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
өзіндік ой-пікірлер айтып, тұжырымдар жасауын – ғалымның озық ойлығы мен
терең білімділігін, ұлтжандығы мен қайраткерлігін көрсетеді [16, 22 б.].
Тұяқбай Зейітұлы өз зерттеулерінде өлкетану мәселесіне зор мән беріп,
өңіріміздің тарихын зерделеп, оны насихаттауда жемісті еңбек етуде. Ғалымның
өлке тарихына арналған еңбектерінде тың ойлар, тосын көзқарастар, толымды
тұжырымдар жетіп артылады. Бұған оның жарық көрген «Өскен өлке тарихы»
[17], «Менің Қазақстаным» [18], «Бөкей Орда тарихы» [19], «Тарихи тұлғалар:
уақыт және өмір жолдары» [20], т.б. зерттеу еңбектері мен оқулықтары дәлел
бола алады
Ғалымның зерттеулерінің нәтижесі болған «Өскен өлке тарихы» атты
кітабы. Автор бұл еңбегінде Ақжайық өңірінің ескерткіштерінің зерттелу
жағдайына, Орал қаласының тарихына, Бөкей Ордасының тарихына, Батыс
Қазақстанның халқына, Сырым батыр, Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық
қозғалыстарға, 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің еліміздің батыс аймағына
әсеріне, Жаңақала көтерілісіне, Батыс Қазақстан облысы жергілікті Советтерінің
мәдени – ағарту жұмысына, Орал – Илецк темір жол торабының салынуына,
Ораз Исаевтың қоғамдық-саяси қызметіне талдау жасайды [17].
Т.З. Рысбековтың келесі еңбегі 2002 жылы жарық көрген «Менің
Қазақстаным» кітабы. Еңбекте Қазақстан тарихына қысқаша шолу жасап,
Қазақстан тарихының ерте, орта, жаңа және қазіргі кезеңнің негізгі оқиғаларына,
оның қазақ халқының, мемлекетінің, шаруашылығы мен мәдениетінің
қалыптасуына жасаған әсерін баяндайды [18].
Ғалымның еңбектері ішінде баса назар аударатын мәселе – Бөкей
Ордасының тарихы. Тәуелсіздік алған тұста өлке тарихын зерттеп зерделеуге
мүмкіндік туып, Т.З. Рысбеков Бөкей ордасының құрылуы, саяси-экономикалық
және әлеуметтік жағдайлары, ондағы орын алған өзгерістер, көрші елдер мен
қарым-қатынасын зерделеуде үлкен еңбек сіңіріп, хандықтың кешенді
зерттелуіне мұрындық бола білді. 2001 жыл – Бөкей Ордасы құрылуының 200
жылдығы, осыған орай профессор Т.З. Рысбековтың жетекшілігімен жарық
көрген «Бөкей Орда тарихы» атты ұжымдық еңбекте тұңғыш рет өлке тарихы
кешенді, жинақы зерттеліп, қалың оқырманға ұсынылды. Ғалым еңбектерінде
Бөкей Ордасы тарихындағы ірі тұлғалардың бірі – Жәңгір Бөкейұлының өмірі
мен қызметіне жаңаша методологияға сүйене отырып, тың көзқарас тұрғысынан
баяндалады [19].
Ғалымның іргелі еңбектерінің бірі – 2014 жылы баспа бетін көрген
«Тарихи тұлғалар: уақыт және өмір жолдары» деп аталады. Бұл еңбектің
ерекшелігі – автор тұлғатану мәселелерін терең зерделеп, көпшілік оқырман
назарына ұсынуы. Кітапта әрбір тарихи кезеңдердегі уақыт аралығында
қоғамның дамуында даналығымен, парасаттылығымен, шешендігімен, қол
бастаған көсемдігімен, еліне қалтқысыз қызмет еткен ерлігімен орын алған
тұлғалардың өмір жолы баяндалады [20].
Академик Т.З. Рысбековтың ғылыми шығармашылығының бағыттары сан-
салалы және тақырыптары хронологиялық жағынан да, проблемалық жағынан да
кең ауқымды. Ол жалпы саны 600-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқу-
әдістемелік жұмыстардың авторы. Олардың ішінде 40-қа жуығы жеке
монографиялық еңбектер, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар болса, 400-ге
жуығы Отандық тарихтың, сондай-ақ қоғамдық және гуманитарлық
ғылымдардың өзекті мәселелеріне арналып, еліміздің және алыс-жақын
шетелдердің ғылыми басылымдарында жарық көрген ғылыми мақалалар мен
ғылыми баяндамалар болып саналады [16, 20 б.].
Батыс Қазақстандағы іргелі оқу орындарының бірі М.Өтемісов атындағы
БҚМУ-нің тарихында өзіндік орны бар, маңдайына жазған бар ғұмырын
259