БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 258

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. баспасөз бетінде мақалалар жариялаған. Соның нәтижесінде 2005 жылы ғалымның «Мәншөк батыр» атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек тарихи деректер және Мәншөк Мәметованың туыстары мен қарулас жолдастарының мәліметтері бойынша жазылған. Мәншөктің өзі туып өскен жері, елі, әкесі Жеңсігәлі мен Ақмет Мәметұлы туралы, олардың тұрған жері, тағдыры, Мәншөктің алғаш оқыған жері және т.б. туралы нақты деректі мәлімет осы уақытқа дейін болмады. Алғаш ғылыми еңбек жазған М.Қозыбаев, С.Честнов тек Мәншөктің Алматыдағы өмірін баяндаумен шектеледі. Осы тұрғыда Мәншөктің өмірінен тың мағлұмат беретін ғалым Исатай Кенжалиевтің еңбегі құнды болып есептеледі. Жалпы, Мәншөктің әке- шешесінің жағдайын, өскен ортасын, елдегі жағдайды, әкімшілік-территориялық бөліністі түсіндіру үшін автор Бөкей даласының, кейін облыс губерния аталған аумақтың ХХ ғасыр басындағы экономикалық-саяси, әлеуметтік жағдайына шолу жасаған. Тынымсыз ізденістің нәтижесінде Мәншөк Жеңсігәліқызының Жәнібек ауданындағы Қамысты ауыл Советінде дүниеге келгенін, шын аты Мәнсия екенін анықтайды. Мәншөктің өмірі мен қызметін, Отанымызды қорғау, әке абыройын ақтау үшін істеген ерлік істері осы еңбекте көрініс тапқан. 1938- 1941 жылдары ол әрі оқып, әрі жатақханада жатып жұмыс істеп, спортпен шұғылданып, қабілетін арттырған. Қиындыққа мойымай, 1942 жылы армия қатарына кіріп, майданның алғы шебіне барып, дұшпаннан кек алуға талпынған. Мәншөк қазақ жауынгерінің үлгісі болған. Исатай Нәсекенұлы Мәншөктің «қазақ» деген, «қазақ қызы» деген ғажап атты аспанға көтеріп, әлемге әйгілі еткен бірден бір тарихи тұлға екенін көрсетті [13, 95 б.]. Тарихшы-ғалымның әр жылдардағы жазған еңбектерімен таныса отырып, Исатай Нәсекенұлы Кенжалиевтің өлке тарихы туралы еңбектерінің кеңестік дәуірден бастау алғанына көз жеткізе аламыз. Кеңестік дәуірдің сонау 70 жылдарынан бастап Исатай-Махамбет көтерілісін, Бөкей Орда тарихын зерттеуді бастап, содан 30 жылдай үзбей зерттеп Отандық тарихқа өзіндік үлес қосқаны сөзсіз. Тарихшы ғалымның өлке тарихының жанашыры екенінің бір дәлелі 1987 жылғы Исатай- Махамбет көтерілісінің 150 жылдық мерейтойын сол жылдардағы басшы Г.В. Колбинге ұсыныс жасап, республика деңгейіндегі ғылыми-конференция өткізуі еді. Сондықтан да, Исатай Нәсекенұлы Кенжәлиев тек тарихшы ғалым ретінде емес, туған өлкеміздің тарихын жетік білетін өлкетанушы ретінде танылды. Исатай Кенжалиев туған елі, өскен жері үшін қанды шайқаста қол бастаған батырлар, аламан топта сөз бастаған билер мен шешендерін, ақындарын келер ұрпаққа үлгі етіп, оларды халыққа дәріптеп, танытуға, болашақ ұрпаққа мәңгі өшпестей ұмытылмастай бай мұра қалдыруды өзіне парыз тұтқан қазақтың асыл ұлдарының бірегейі, кейінгі жас буын мақтан етер ұлтымыздың перзенті. Қазақ халқының кемеңгер тұлғасы ұлы Абай өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде адам бойында қалыптасатын ең қасиетті нәрселердің бірі парасаттылыққа әлденеше рет қайталап оралады: «Парасаттылықтың мәні – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, білім, оның ішкі нәрі, сыртқы шырай және әрі», - деген болатын. Парасат иесін халқымыз құрметтеп ізгі тұтқан. Осындай парасат иесі, жоғары оқу орнының ассистенті қызметінен бастап ректорлық дәрежеге жеткен, ғылым докторы, профессор, академик – Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков [14, 135 б.]. Күні кеше еліміздің белді тарихшыларынашәкірт болған, бүгінде тарих ғылымында өзінің орнын айшықтап сүбелі үлесін қосып, республикамыздың түкпір-түкпіріне қажетті кәсіби тарихшыларды даярлауда айтарлықтай еңбек сіңірген зиялы қауым өкілі Тұяқбай Зейітұлы 1947 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде білім алып, 1961 257