БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
толуына орай «Мақамбет Өтемісұлы. Өмірі мен қызметі» атты кітабын жарыққа
шығарды. Сонымен қатар, Мақамбеттің 200 жылдық мерейтойына орай, Исатай
Нәсекенұлының «Мақамбет толғаулары» атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Бұл
кітапта Мақамбет мұрасының мол қоры жинақталған. Бұл жинақтың құндылығы,
біріншіден, бұрын еш жерде жарияланбаған толғауларынан үзінді енген.
Екіншіден, баспада үзінді күйінде ғана белгілі болып, көптеген тармақтары,
жолдары түсіп қалған толғаулары, өлеңдері жинақталған. Сондай-ақ, ақынның
1974 жылғы жинағына енбей, ұмыт қалған өлеңдері, шумақтары бар. Үшіншіден,
қалың оқырманға беймәлім шағын өлеңдері де енгізілген [8, 10 б.].
Исатай Нәсекенұлының тағы бір ірі зерттеулерінің бірі – халық құрметіне
бөленген өнер иесі, дарынды күйші – Құрманғазы Сағырбайұлы. Осы тақырып
төңірегінде 1990 жылы «Қос ішек» атты еңбегі жарық көрді. Еңбекте Кіші жүздің
саяси-экономикалық жағдайына шолу жасалған. Сол кездегі Орал, Астрахань
әскерлерінен жазықсыз жапа шекккен Кіші жүз қазақтарының халі тарихи
құжаттар арқылы нақтылы баяндалады. Бұдан ХІХ ғасырда қазақ даласында өмір
сүрген патшалық озбырлық пен феодализмның кесапатын көреміз. Ғалым
еңбекте ұлы композитор дүниеге келген Нарын құмына географиялық талдау
жасайды. Осы тұста автор ол өскен ортаға нақты шолу жасай келіп, Қайдар
Ермұхановтың «Чародей» кітабындағы Құрманғазы Әубәкірге жалшы болды
деген пікірдің қателігін дәлелдейді [9, 216 б.].
Біздің тәуелсіздігіміз, мемлекеттігіміз сонау Қазтуған, Доспамбет
дәуірінен басталып, кезең-кезеңге бөлініп, ұзақ жүргізілген ұлт-азаттық
күресіміздің нәтижесі. Ата-бабамыздың жанкешті күресінің ең қажырлы кезеңін
бастаған да, басқарған Кіші жүздегі Байбақты руының перзенті – Сырым Датұлы.
Сырым Датұлы – қазақ халқының бостандығы, ұлттық азаттығы үшін, атамекен
қонысының сыртқы жаулардың талауына түспеуі жолында күрескен айбынды
жауынгер. Исатай Нәсекенұлы Мақамбет, Құрманғазы, т.б. тақырып төңірегінде
деректер іздеп, ел аралап жүріп Сырым туралы мәліметтер жинап, тарихи
әдебиетті қарап, мұрағат материалдарына көз сала жүріп, 1997 жылы алғаш рет
«Сырым батыр» деген кітапша шығарады. Ол кітапшада Сырым көтерілісі
туралы ықшам тарихи очерк пен алғаш рет Сырымның белгілі де, белгісіз де
шешендік, ақылгөй сөздері енгізілді. Бұл кітапша жаңа материалдармен
толықтырылып, 2000 жылы «Сырым батыр» атауымен қайта басылым бетін
көрді. 2007 жылы осы еңбектердің негізінде жаңа тың мәліметтермен
толықтырылып, Исатай Кенжалиев тарих ғылымдарының докторы, профессор
Т.З. Рысбековпен бірлескен «Сырым батыр» атты еңбегі жарық көрді [10, 5 б.].
Исатай Нәсекенұлы елінің, туған жерінің жанашыры, жоқшысы, патриоты.
Бұған дәлел өзінің көп жылғы іздену барысында біздің облыспен қатар өзі туып
өскен Казталовка ауданы жөнінде материал жинап, «Казталовка – байырғы
атамекен» атты монография жазуы. Бұл еңбекте ауданның тарихы, жүріп өткен
жолдары, ондағы еңбек адамдары, елге, жерге байланысты шежірелер, осы
жерде болған елеулі-елеулі оқиғалар хақында сыр шертеді. Еңбектегі тарихи
материалдар көнекөз қарттардың айтуы бойынша, архив деректері негізінде
жазылған [11].
Өз еңбек жолында Ғұмартану саласымен де айналысқан Исатай
Кенжалиевтің 2004 жылы Ғ.Қараш туралы арнайы зерттеу еңбегі жарық көрді.
Ғұмар Қараш және оның замандастары адамзаттың аса бір қиын, күрделі,
арпалысты дәуірінде өмір сүрді. Бұл кітапта Ғұмар Қараштың өмірі мен қызметі
қамтылған. Еңбек мұрағат материалдары мен Ғұмарды көріп, бірге жұмыстас
болған азаматтардың мәліметтеріне сүйеніп жазған [12].
Исатай Нәсекенұлы ұзақ жылдар бойы қазақтың батыстан шыққан батыр
қызы – Мәншөк Мәметованың өмірі мен қызметін, жауынгерлік жолын зерттеп,
256