БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 256
БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
оқып шыққан орта мектебінде инспектор қызметінен басталды. Богатырев
ауылында мектеп директоры болып қызмет атқарды [4, 1 п.].
1955-1958 жылдар аралығында Алматы қаласындағы облыстық оқу
бөлімінде, яғни мұғалімдердің біліктілігін арттыру иститутында тарих
кабинетінің әдістемелік меңгерушісі қызметін атқарады. 1958 жылы Алматы
қаласының Фрунзе ауданының №60 мектебінде директорлық қызмет атқарып,
1959 жылы Ленин ауданының №70 орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі
қызметіне ауысады. Ал, 1960 жылы ол кезде С.М. Киров есімімен аталған қазіргі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне аспирантураға түсіп, 1964
жылы аталған жоғары оқу орнының тарих факультетінің толық курсын тарих
мамандығы бойынша жақсы және үздік бағалармен бітіріп шығады. Сондай-ақ,
1970-1975 жылдар аралығында тарихшы Исатай Нәсекенұлы Ауылшаруашылық
институтының сырттай бөліміне түсіп, «ауыл шаруашылық өндірісінің
экономист-ұйымдастырушы» мамандығын алып шығады [5, 20 б.].
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан тарихнамасында тұлғатану мәселесі
қолға алынып, кеңестік жүйе идеологиясымен бұрмаланып, аты халық арасына
белгісіз болып келген ұлт жанашырларының өмірі, қоғамдық қызметі жаңаша
әдістемемен зерттеле бастады. Осы салада өз елінің тұлғаларын ардақтап,
тәуелсіздік жолында жанкешті күрес жүргізген ата-бабаларымызды кейінгі
ұрпаққа таныту мақсатында жазылған Исатай Нәсекенұлының еңбектері аса
багалы. Өлке тарихына тікелей қатысты тарихи тұлғалар – Исатай, Махамбет,
Сырым Датұлы, Құрманғазы, Дәулеткерей, Ғұмар Қараш, Сейтқали Меңдешов,
Қажым Басымов, Маншүк Маметова туралы мол мәліметтер қалдыруымен
құнды.
Исатай Нәсекенұлы саналы ғұмырын Кіші жүз тарихын зерттеуге арнады.
Ірі зерттеу еңбектерінің бір арнасы Кіші жүздегі 1836-1838 жылдары болған
шаруалар көтерілісіне арналған. Осы тақырып аясында 1970 жылдан бері
көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы мен Мақамбет Өтемісұлының өмірі
мен қызметін, Кіші жүздің ХІХ ғасырдың І жартысының тарихын арнайы
зерттеп, кітаптар мен ғылыми мақалалар жариялағаны белгілі. Күрескер ақын
туралы ғалымның алғашқы еңбегі баспа бетін 1974 жылы көрді. Бұл еңбекте
шаруалар қозғалысының көрнекті қайраткері Махамбет Өтемісұлының өмірі мен
қызметі туралы жазылған. 1979 жылы бұл кітап толықтырылып қайта басылып
шығады. Бұл тарихи очеркте күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының өмірі
жайлы жаңадан табылған және бұрын жарияланбаған Қазақ ССР Орталық
мемлекеттік архивінің №4, 78 қорларының, Орынбор облыстық архивінің 6 және
222-қорларының, Ташкенттегі Өзбек ССР Орталық мемлекеттік архивінің
материалдары пайдаланылған. Бірқатар тың мәліметтер, деректер, сол кездегі
қазақ шаруаларының саяси, әлеуметтік-экономикалық ауыр жағдайын және
хандардың, билердің, сұлтандардың, патша әкімдерінің екі жақты езгісін,
зорлық-зомбылығын терең ашып береді [6].
Исатай Тайманұлы тұлғасын зерттеуге үлкен үлес қосқан тарихшының,
1977 жылы «Тайманұлы Исатай» атты монографиялық зерттеуі жарық көрді.
Еңбекте Исатай өмірінің әртүрлі кезеңдері әңгіме болады. Оның жас кезі, өскен
ортасы, жеке басының ерекшеліктері тарихи деректер арқылы дәлелді
көрсетілген. Монографияның құндылығы – ХІХ ғасырдың алғашқы
жартысындағы Ішкі Орда қазақтарының саяси-әлеуметтік тіршілігін, тап күресін,
патша отаршылдары мен жергілікті билеушілердің екі жақты қанауын, шекара
комиссиясының қазақ ордаларымен байланысын Тайманов айналасында ашып
көрсетуінде [7, 7 б.]. Осы тақырып аясында өз зерттеулерін кеңейткен Исатай
Кенжалиев, 1991 жылы Исатай Тайманұлының туғанына 200 жыл толуына орай,
«Исатай-Махамбет» атты кітабын, 2003 жылы Мақамбеттің туғанына 200 жыл
255