БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
ТАРИХ / ИСТОРИЯ / HISTORY
ӘОЖ 94 (574)
Рысбеков Т.З. – тарих ғылымдарының докторы, профессор,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Ихсанова А.Б. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
E-mail: raymoon@list.ru
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ҒЫЛЫМИ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ
ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
Аңдатпа. Бұл мақалада Батыс Қазақстан интеллигенциясының өкілдері –
Т.З. Рысбеков, И.Н. Кенжалиев, Б.Қ. Бірімжаровтың еңбектерін зерттеуге
ерекше көңіл бөлінген. Мақалада ғалым-интеллигенция өкілдерінің өлке
тарихына қатысты еңбектері талданады. Сондай-ақ, ғалымдардың өскен
ортасы, ғылымға келу жолдары сөз болады.
Тірек сөздер: интеллигенция, зиялы қауым, Батыс Қазақстан тарихы,
Кенжалиев И.Н., Рысбеков Т.З., Бірімжаров Б.Қ., тарих ғылымы.
Ғасырлар тоғысында егемен ел болып, тәуелсіздікті баянды ету барысында
республикамыздың қоғамдық-саяси, экономикалық-шаруашылық дамуында
елеулі өзгерістерге қол жеткізіп, демократиялық жаңғырулар негізінде ұлттық
сана мен сезімнің дамуында жаңа үрдістер кең орын алуда. Осыған орай өткен
кезеңдегі жетістіктер мен қол жеткізген табыстарды нақты ой елегінен өткізу,
талдап зерделеу үлкен қажеттілікті талап етеді. Өйткені, қоғамда Қазақстан
тарихының алатын орнын анықтауға, оның Отандық тарих мәртебесіне ие
болуына жол ашып, қазақ халқы өткен тарихи кезеңдерге концептуалдық жаңа
тұжырымдар жасауға, ғылыми-ізденіс жұмыстарының жаңа бағыттарын
айқындауға мүмкіндік берген [1, 29 б.]. Соның нәтижесінде бүгінгі күні,
Қазақстанда тарих ғылымының Кеңестік дәуірде қалыптасып, дамуына өз
еңбектерімен, зерттеулерімен үлес қосқан ғалымдардың үлкен шоғыры өсіп
шықты. Олар Отан тарихы бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп,
республикамыздың ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне бар күш-жігерін
жұмсады [2, 7 б.]. Қалыптасқан жаңа ғылыми интеллигенция өкілдерінің туған
елі мен жер тарихына қатысты өзіндік ой-көзқарастарымен, тиянақты ғылыми
ізденістерімен батыс өлке тарихы туралы құнды деректер қорын жинақтаған үш
ғалымды атап көрсетуге болады: тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.З.
Рысбеков, тарих ғылымдарының докторы Б.Қ. Бірімжаров, тарих ғылымдарының
кандидаты И.Н. Кенжалиев сынды кәсіби тарихшы-ғалымдарымыздың
еңбектерінің шоқтығы биік.
Өлке тарихының өзекті мәселелеріне аса үлкен мән берген, өзінің саналы
ғұмырын тарих ғылымына арнаған ғылыми интеллигенция өкілі– Исатай Нәсекенұлы
Кенжалиев. Исатай Нәсекенұлы 1927 жылы 10 маусымда Батыс Қазақстан облысы,
Казталовка ауданының Беркәлі бөгетінде дүниеге келді [3, 314 б.].
1935 жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап орыс мектебінде білім
алды. Мектеп бітірген соң 1947-1951 жылдар аралығында Орал педагогикалық
институты тарих факультетінде оқыды. Исатай Нәсекенұлының еңбек жолы өзі
254