БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
блогтар) немесе бөлек алаңда (stand-alone блогы) құрылуына байланысты.
Алайда, кез келген блог үшін келесі элементтер міндетті:
1. Пайдаланушы профилі. Бұл парақша stand-alone блогында болмауы
мүмкін, өйткені онда автордың жалғыз болуына байланысты,ол өзін-өзі
таныстырудыеркін жүзеге асыра алады. Егер блог қандай да бір блог сервисінде
орналасқан болса, пайдаланушы профилі оның міндетті және интегралды бөлігі
болып саналады. Профиль беттерінің құрылымы (Livejournal) барлық
пайдаланушылар үшін міндетті стандартталған немесе вариативті болуы
мүмкін(мысалы, LiveInternet блокта қолданушы өзінің профильін қалауына қарай
орналастырады). Блог авторына профильында әдетте мынандай ақпараттарды,
мысалы, жынысы, жасы, білімі, тұрғылықты жері, қызығушылығы туралы
хабарлайды;
2. Таспа жазбалар блогтың негізгі беті, жазбалар кері хронологиялық
тәртіппен орналасады. Әрбір блогтық жазбалар, нақты мәтіннен бөлек, тақырыбы
жариялау уақыты, комментариялар саны туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
Көптеген блогтарда блогтық жазбаларға автордың тиісті Аватар (суреті), мәтінге
байланысты рубрика, тақырыптық тегтер, сонымен қатар мәтінді жазу
барысындағы автордың көңіл-күйі, мәтінді жазу орны жөніндегі ақпараттармен
толығып,музыка үні қосылады. Сонымен қатар, таспа жазбалар бетінде
сайдбарлар орналасып,(блогта оңай шарлау үшін қосалқы бірлік кешені) ол
жерде күнтізбе, басқа ресурстарға сілтемелер, тегтер және рубрикалар тізімі, осы
беттегі жазбалар тізімі және оған комментариялар санын көрсете отырып, автор
оқитын блогтар тізімі және осы блогты оқитын оқырмандар тізімін және
т.б.қамтуы мүмкін;
3. Блогтық жазбалардың бөлек беттері. Блогтағы әрбір жазбаны бөлек
беттен ашуға болады. Бұл жерде блогтық жазбаның толық нұсқасы және оларға
комментариялар орналасады. Ленталарда үнемдеу мақсатында мәтіндер толық
көрінбейді;
4. «Достар лентасы», яғни автор оқитын блогтағы жазбалар лентасы.
Әртүрлі қолданушылар бір лентаға топтасып, кері хронолргиялық тәртіппен
орналасады. Әдетте «достар лентасы» автордың өзінің жазба лентасы секілді
орналасады. Жоғарыда баяндалған элементтердің барлығының графикалық
безендірілуі сәйкес келуі де келмеуі де мүмкін. Мысалы, LiveInternet блогының
қолданушылары өздері блогтарының фондық суретін, түсін өзгерте алады.
Дегенмен блогтың жалпы құрылымы бәріне міндетті болып қала береді.
Блогтың тағы бір табиғаты оның мультимедиялығы- коммуникация кезінде
бір мезетте бірнеше семиотикалық жүйені мысалы, визуалды және дыбыстық
каналды пайдалана алуында. Мультимедиялық вербалды мәтіннің вербалды емес
графика, суреттер, фотосуреттер, видео,анимация секілді компоненттерінің
бірігуімен көрінеді. Алғашында блогқа тек мәтіндік табиғат тән болса, бүгінде
блогтар күннен күнге мультимедиялық контентпен толығуда. Біз мәтіндік және
мультимедиялық ақпараттың төрт түрін бөліп көрсеткіміз келеді: 1) тек мәтіндік
ақпарат ұсынылған; 2) мәтіндік ақпарат басым,дегенмен мультимедиялық
ақпараттың көлемінің өсуі байқалады (аудио, видео, графика); 3)мәтіндік және
мультимедиялық ақпарат тең көлемде ұсынылған; 4) мультимедиялық ақпарат
басымдыққа ие. Бұлай саралаунегізіненблогқа, сондай ақ басқа да блогтық
жазбаларға қолданылады. Блогтың мультимедиялығын талдау үшін
Е.Е.Анисимованың креолданған мәтіндерін жіктеуді қолдану ұсынылады. Осы
классификацияға сәйкес, мәтіндер: - нөлдік креолданған (сурет ұсынылмаған
және ол мәтінді ұйымдастыру үшін маңызды емес); - ішінара креолданған
(вербальды және графикалық компоненттер арасында автосемантикалық
қатынастар дамытылады, бейнелеу компоненті вербалдымәтінді қосады); - толық
250