БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 250

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. құрушы Эван Уильямс алғашқы болып blog, blogger және blogging сөздерін қолдануға көшті. Осылайша «блог» сөзі пайда болды. Бүгінде авторлар тобы (блогтық қоғамдастық), бір тақырыпқа мысалы, аспаздық рецептілер, саяхат, сән, спорт, музыка, бизнес, қоғамдық мәселелер, саясат, мотивация, бала тәрбиесіне арналған блогты бірлесе жүргізе алады. Басқа блогтар мен интернет-ресурстарға сілтемелер жасап, фото, бейне ақпараттарды да жүктей алады. Әрбір блогтың өз оқырман аудиториясы бар. Ол аудитория күннен күнге кеңейіп, өзінің жеке желілік коммуникативтік қоғамдастығын құрады. Мысалы, педагогикалық блогтың адресаттары бірінші кезекте білім беру мен тәрбиелеуге байланысты адамдар: біріншіден, мұғалімдер мен мектеп әкімшілері, университеттің профессорлары мен студенттері. Автордың (бір немесе бірнеше) болуы кез келген блогтың ажырамас бөлігі болып табылады. Тақырыптық блогтар өз жанрына тән барлық медиа-параметрлерін сақтайды: интерфейстік, мультимедиалық, гипермәтіндік, интерактивтілік, синхронды / асинхронды байланыс мүмкіндіктері (хабарларды жіберу уақыты бірнеше минуттан бірнеше айға дейін ,өте сирек жағдайда жылдар), егер мәселе әлі де болса өзекті болса), қатысымға түсушілердің саны мен эксплициттілігі. Жоғарыда айтылғандай, блог, яғни, оның негізгі мақсаты коммуникативтік бағыты бар. Оның негізгі мақсаты оқырмандар арасында диолог орнатып, көтерілген мәселе бойынша талқылауға шақыру. Сондықтан барлық жазбалар (хабарламалар) міндетті түрде түсініктеме беру мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Пікірлер хабарлар көбінесе қысқа формада болады. Виртуалды байланыс анонимдік пен жалған атауды пайдалануға мүмкіндік беретініне қарамастан, блогта пікір қалдырушылар көп жағдайда өз есімдерін пайдаланады. Блогта блогерлер өз фотосуреттерін жүктеп, комментария жіберу уақыты мен хабарлама тақырыбы мен хабарламаның өзі көпшілік оқырманға көрініп тұрады. Зерттеуге ерекше қызығушылық тудыратын бұл, пікірталастар толы блогтар болып табылады, онда бірінен кейін бірі комментариялар баған түрінде беріліп және блог мақаласына тікелей қатысы жоқ, бірақ басқа комментарияларға жауап болып табылады. Осылайша «пайдаланушылар арасындағы пікірталастарды ынталандырады» [8, 103 б.]. Талқылауға қатысу үшін ережелерді блог өзі белгілейді. Сұхбатқа түсушілердің барлығы талқыланатын мәселе бойынша белгілі бір фондық білімге ие болуы керек. Коммуниканттар сөзсіз фондық білімге жүгінеді. Бұл оның кеңейтілуіне ұмтыла отырып, «сыртқы жағынан» пікірталасқа қатысуға ынталандырмайтын блогтың оқырмандарын айқындайды. Шетелдік зерттеушілердің жұмыстарында да, блогтың жанрлық белгілері айналасындағы пікірлер талқылануда. Танымал блоггер және «The Weblog Handbook: Practical Advice on Creating and Maintaining Your Blog» кітабының авторы Rebecca Blood блогты желіде пайда болып, дамыған жанр ретінде қарастырады. «Bridging the Gap: A Genre Analysis of Weblogs» мақаласының авторлары Ребека Владпен ашық полемикаға түседі. Олардың пікірлерінше, блог- жаңа немесе тіпті бірегей емес жанр, бірақ көптеген дереккөздер мен интернет- жанрлар негізіндетуындаған гибрид деген пікірді ұстанады [9]. Блог феноменін Л.Ю. Щипицинаның концепсиясы бойынша медиялық, прагматикалық және стилистикалық тұрғыдан талдауды жөн көрдік. Блогтың медиалық параметры, оның безендірілуі немесе интерфейсы оның интернеттің басқа жанрларынан ажырата білуге көмектеседі. Блогтың безендірілуі вариативті,яғни өзгеріп тұрады. Бұл блогтың қандай да бір блогтық сервис (Livejournal, LiveInternet, Diary, Blogger.com және т.б.), сайт ( корпоративтік 249