БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 249
БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
клищелердің функционалды ерекшеліктерін зерттеген Загоруйко және саяси блог
жазбаларындағы прецеденттік феноменді зерттеген Фокина секілді ғалымдардың
еңбектері лингвистикаға сүбелі үлес қосады.
Т.М. Гермашеваның айтуынша, блог интернет-коммуникацияның басқа
салаларынан жариялау және іздеу жеңілдігі, тарату жылдамдығы және
әлеуметтік маңыздылығымен, тікелей байланыс жасау мүмкіндігі менжекелеген
блогерлер мен барлық блогосфераның арасындағы өзара байланыспен
ерекшеленеді. Блог коммуникативті, өзін-өзі таныстыру, өз ойын білдіру және
өзін-өзі жарнамалау функцияларын атқарады [3, 116 б.].
Өз кезегінде, блог нақты коммуникативтік белгіге ие болған мазмұн мен
форманың бірлігін көрсетеді. Тілдің блогтағы қызметі техникалық параметрлерге
негізделіп, коммуниканттардың белгілі бір интенцияларын жүзеге асырумен
ерекшеленеді. Әу баста блог жеке күнделік ретінде пайдаланылып, тұлғалық
мотивацияны дамыту мақсатын көздеп,өздік презентация мен өздік рефлекция
функциясын жүзеге асырушы құралы ретінде болды. Интернет желісінің
дамуына байланысты замнауи блог жоғарыда баяндалып кеткен мақсат,
функциямен шектелмейді. Қәзір блогтарда ақпараттық және бағалау сипаттарына
иеленіп оқырмандарды диалогқа шақырады.
И.Н. Розинаның пікірінше, блог асихронды тұлғааралық және топтық
компьютерге негізделген коммуникацияны білдіреді [4, 365 б.].
Ағылшын тіліндегі сөздіктер «блогты» «жаңа ақпарат әрқашан
парақшаның басында орналасқан белгілі бір тақырып туралы хабарлау үшін
жасалған веб-парақша» ретінде қарастырады [5,142 б.] немесе «өмірбаяндық
онлайн журнал: соңғы жаңалықтарды хабарлау үшін тұрақты түрде өзгеретін
веб-сайттың күнделік түрі. Парақша әдетте біреудің жеке пікірлері,
комментариялары немесе әсерлерін баяндайды [6, 145 б.]. Осы анықтамаларды
талдай келе біз «блог» жөнінде екіжақты: түсінік қалыптастырамыз: яғни « блок»
ол «тақырыптық веб-парақша» және «жеке күнделік».
Ресей ғалымдары Е.А. Баженова және И.А. Иванова блогтың «кең» және
«тар» түсінігін ажырата көрсетеді. «Блог кең мағынада мерзімі көрсетілген
мәтіндік және мультимедиялық жазбаларды қамтитын сайт (немесе сайттың
бөлімі) деп есептейді және кері хронологиялық тәртіп бойынша орналасқан оқу
және түсініктеме беруге ашық. Тар түсінік бойынша блог - бұл бір автордың мерзімі
көрсетілген жазбалары баяндалған сайт (немесе сайттың бөлімі)» [7, 127 б.].
Кей кездері осы блогосфера мен интернат сайттардың бір-бірінен
айырмашылығы қандай деген сұрақтар туындап жататыны белгілі. Әрине бұл
түсініктер бірін-бірі алмастырып та жатуы мүмкін. Дегенмен біздің
пайымдауымызша, негізгі айырмашылық блогтың коммуникативтік бағытта
болып, автордың белгілі бір мәселе төңірегінде оқырмандарды диалогқа
шақырып, адрессат пен адрессантқа еркін қатысымға түсулеріне мүмкіншілік
беруінде болса, интернет-сайттың негізгі мақсаты оның ақпарат тарату құралы
ретінде болуында.
Алдымен блогтың жалпы сипаттамасына тоқталып өтуді жөн көрдік.
Бастапқыда интернет дәуірінің даму тұсында блог автордың басқа сайттарда
таңдап алған жаңалықтар желісінесілтемелері түсінігіретінде болды. Оқырмандар
жаңалық таспасының жазбаларына комментария жаза алды. «Блог» термині
ағылшын тіліндегі weblog (logging the web - «оқиғаны желіде жазу») дегеннен
шықты. Бұл терминді алғаш рет американдық программист Йорн Баргер 1997
жылы желілік күнделік ретінде қолданды.1999-шы жылы Питер Мерхольдз
weblog( веблог) дегенді екіге бөліп «we blog», яғни «біз блог жүргіземіз» деген
мағынаға сыйдырды. Бұл әзіл көпшілікке ұнап, кейін Blogger и Twitter желілерін
248