БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Бүгінде блогосфера, ең алдымен, тұлғааралық виртуалды қарым-қатынас
құралы болып табылады. Көптеген интернет- алаңдар (блогтар, форумдар,
әлеуметтік желілер, чаттар, т.б.) виртуалды әлемде белгілі бір электронды
жанрлар ретінде дәстүрлі жазбаша және ауызша формалардан өзгеше жаңа
коммуникация ережелерін енгізуде. Блогосфера интернет кеңістіктің жаңа бір
жанры болғандықтан филология саласында терең зерттеуді қажет етеді,өйткені
блог онлайн мәдениеттің ажырамас бірлігіне айналды.
Іс жүзінде кез-келген тұлға Facebook, Твитер, В контакте, Мой мир,
Инсаграмда өздерін қызықтыратын блогтарды оқуды күнделікті дағдыға
айналдырған. Олар «ресми» жаңалықтар блогы, тақырыпқа негізделген блогтар
немесе өзіңіздің жұмысыңызға байланысты блогтар немесе ойын-сауық блогтары
болуы мүмкін. Кез-келген тұлғаның кем дегенде бір сүйікті блогы бар. Тілдік
тұлғалар түрлі блогтарға өз мүдделеріне қарай тіркеліп, шығармашылық әлемнің
қыр-сырын меңгеруде. Өйткені блоггинг «объективті/субъективті пікір алмасу»,
«түрлі сала бойынша жеке тәжірибемен бөлісу», «жаңа достар табу»,
«танымалдылыққа ие болу», «ақпаратты жылдам тарату», «публиканың
реакциясын бақылау» - мұның бәрі блоггингтің ерекшеліктері мен
мүмкіншіліктері. Көптеген тұлғалар блоггингты қызығушылықтары және
тұрақты күнделік өмірін жазып онымен бөлісу мақсатында айналысса, келесі
тұлғалар блоггингты - бизнес көзі ретінде де қарастырады.
Кең мағынада блог бір қолданушылар тіркеу жазбаларын жасап,
мақалаларын жариялайтын, ал басқа қолданушылар сол мақалаларды оқуға және
түсініктеме беруге мүмкіндігіне ие болатын орта деп қарастырылады, яғни
күнделікті жеке күнделікпен шектелмейді. Ал тар мағынада блог – бұл бір
автордың мәтіндер жинағы (әдетте, сөздің бұл мағынада қолданылуында оның
тиістілігі де көрсетіледі – саясаткер, журналист, жазушы блогы және т.б. Қазіргі
заманда блогтардың танымалдылығының өсуі олардың қолданыстағы көпшілікке
қолжетімділігі және қарапайымдылығымен ғана байланысты емес, сонымен
қатар адамның екі әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігімен
байланысты, олар – қарым-қатынасқа деген қажеттілік және өз ойын білдіру. Бұл
блогты кем дегенде екі аспекті тұрғысынан қарастыруға болады дегенді
білдіреді: интернет-байланыс және дискурстың жаңа түрі [1, 22-28 б.].
Жалпы блогтардың қолданысқа ену тарихына көз жүгіртсек, оның 90
жылдардың ортасына таман пайда болғанын көре аламыз. Алғашқы блог
американдық студент Джастин Холл құрған Links. Net болып табылады. Әрине
ол алғашында жеке парақшасы ретінде ашты. 2004-шы жылдан бастап
саясаткерлер, жаңалықтар тарататын телеканалдар блогтарды қолдана бастады.
2004 жылы Pew Institute ақпараты бойынша интернетті пайдаланушыларының 2-
7% блогы болса, 11% блогты оқығанын анықтады. Дереккөздерге сүйенсек 2013
жылдың аяғында әлемде 152 миллион блог белсенді болса, 2017 жылы 350
миллион блог белсенді болғандығынан хабардар боламыз. Әрбір жарты жыл
сайын әлем бойынша блогтар саны 25 миллионға толығып отырады екен.
Қәзіргі таңда интернет қатысымда блог нақты бір дискурсты
қалыптастыруда маңызды орынды иемденеді. Егер тілдік жанрды дискурстық
талдаудың дискурстық ережелерін іске асырудың бір түрі ретінде қарастыратын
болсақ, зерттеушілер блогты блогосфераның дискурс-қалыптастырушы жанры
ретінде қарастырады [2, 215 б.].
Блогосфера
интернет
коммуникацияның
зерттеу
аймағына
айналғандықтан, блогосфералардың әлеуметтік - мәдени және лингвистикалық
сипаттарын зерттеген ресейлік ғалымдар Елькина О.М., Касьянова Н.В. желілік
күнделіктердің когнитивті прагмосемантикалық ерекшеліктерін зерттеген
Горшкова интернет дискурстың жанры блогосферада қолданылатын тілдік
247