БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 252

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. креолданған (екі компонент арасында синсемантикалыққатынас орнатылады; вербалды бөлігі бейнелеуге бағытталған немесе оған сілтеме жасайды, және сурет мәтіннің міндетті элементі болып табылады). Жоғарыда айтылғандай, блог жекелеген жазбалардан тұрады, осының нәтижесінде ол біртекті емес және қорытындылауға қиын. Жоғарыдағы классификацияны жалпы барлық блогтар үшін емес, жекелеген блогтық жазбаларолардың арасынан креолданған мәтіндердер бар мысалдарды табу үшін пайдалану тиімді. Ең қызықтысы толық креолданған мәтіндер, яғни вербалды және вербалды емес компоненттер арасында әртүрлі функционалдық және семантикалық қатынастар орнатылған. Алайда, бұл, басқа зерттеу тақырыбы сондықтан осы мақала шеңберінде мынадай қорытындымен шектелеміз: жалпы блогтың интернет жанры креолдану деңгейінің әртекті болуына байланысты жоғары креолданған мәтіндердің пайда болуына негіз болып табылады. Блогтың келесі медиа параметрі - гипермәтінділік, яғни, Блог құрылымының жекелеген элементтерін қосатын гиперсілтемелерді пайдалану. Блогтың гипертексты оның құрылымдық элементтері қалыптастыратын жиынтығы - автордың профилі, таспа жазбалар, жеке беттер мен жазбалар және достар лентасы. Бұл гипермәтінділікте екі деңгейді ажыратуға болады: 1) ішкі, соның ішінде таспа жазбалары мен жеке жазбалардың беттерін; 2) сыртқы, оның ішінде профиль және «достар лентасы». Сыртқы торап беттері осы немесе басқа блогты осы қызметтің сайтында жұмыс істейтін басқа блогтармен байланыстырады. Блог аясында навигация мәзір бойынша жүзеге асады, сайдбар, мұрағат жазбалардың күнтізбесі, тегтер, айдарлар немесе басқа құрылғылар. Осы құрылғылар аясында блог қалыптасады. Жалпы блогтың гипермәтіндігі сызықты емес болып табылады және әр түрлі сценарийлер бойынша, мысалы, таспа жазбалардан нақты жазбаларға, «достар лентасынан» нақты бір жазбаларға,немесе пайдаланушылар атынан оның профиліне немесе оның жазба таспалары аясында өрістеуі мүмкін. Блогтың келесі бір медиялық параметрі оның- интерактивтілігін Л.Ю. Щипицина екі түрлі түсіндіреді: «Біріншіден, адресаттың мазмұнға белсенді түрде әсер ету мүмкіндігі, сыртқы формасы мен компьютерлік бағдарлама немесе электрондық ресурстардың тақырырыптық бағытта болуы, екіншіден, қарым- қатынас жасау, пікір білдіру және қарым-қатынаста әріптестің пікірін білу мүмкіндігі» [10, 36 б.]. Біздің пікірімізше де бүгінгі таңда интерактивтіліктілік блогосферасының маңызды ерекшелігі болып саналады. Әрине интерактивтілік блогтардағы мәтіндерді, қағаз бетіндегі мәтіннен ажыратады : блогосферадағы мәтін тұрақты емес, ол үнемі өзгеріп отырады, әр оқырман үшін уақыттың әр сәтінде ол әртүрлі. Блогтағы интерактивтілік адресант пен адресат арасында жедел кері байланыс алуына мүмкіндік береді. Блогтарды зерттеуде оның синхронды / асинхрондық коммуникативтік байланысы маңызды сәт. Блогта әртүрлі құрылымдық элементтер әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, таспа жазбалар және «достар лентасы» үшін жаңарту жиілігі маңызды болса, ал, жеке парақша жазбалары үшін комментариялық бағыттағы қатысым неғұрлым маңызды. Жалпы, блогты интернет жанрдың асинхронды түріне жатқызуға болады, себебі мәтін-стимул мен мәтін -жауап арасындағы уақыт аралығы (чат немесе жылдам хабар алмасу сияқты синхронды интернет жанрда мүмкін емес болып табылатын) бірнеше минуттан бірнеше күн, ай немесе тіпті жыл құрауы мүмкін. Блогта, басқа да асинхронды интернет жанрдағыдай, мәтін құрастыру немесе оған жауап беру шексіз жалғасуы мүмкін, яғни, авторда өзінің коммуникативтік ниетін жақсылап ойлауға және оны қажетті тілдік ресурстармен жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Шындығында, синхронды қатысым белгілері ол жиі 251