БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
шындық еді. Соның бәріне қарамастан Майдан үшін, Жеңіс үшін қанын да,
жанын да аямастан беруге тура келген елдің тайлы-тұяғы мен үлкен-кішісіне
дейін асқан ұйымшылдықпен теңдесі жоқ ерлік көрсеткендігі де тарихи шындық
екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Сол шақтағы түтіні түзу шықпаған ауыл
өмірін жазған, аналар тартқан қасіретті, балалар көрген қорлықты өлең бір
кейіпкердің басында көрсетуі арқылы сипаттайды. Ақын жеке басының ғана
емес, уақыттың, бүкіл замандастырының сол кездегі мұңын бейнелеуді мұрат
тұтқан. Ол мұң адамдық, азаматтық мұраттан туған мұң бар.
Бүгінгі таңда осынау мамыражай дүине осы қаймағы бұзылмаған қалпында
пайда болған сияқты сезінетін бірлі-жарым жастардың ұшырасуы мүмкін ғой.
Кешегіні ұмыту келешегін ойлайтындардың ісі емес. Тарихи тар кезеңдердегі
қиюы кеткен қиындықтарды әдебиеттің еске салып отыруы, оның естелігінің,
есейгендігінің белгісі. Әбу Сәрсенбаев балладалары сол жылдар көзден таса
кеткенмен оны көңілден кетірмеуге шақырады, қайдан, қалай шыққанымызды
есте ұстауға үндейді.
Ақынның өнері-көп сырлы, көп дыбысты қызу қозғалысты дүние. Айтулы
зергер мұрасында жалғызынан айырылып зар еңіреген ана, жауынан кегін алуға
бел байлап, ыза кернеп қалшылдаған ер, парасатты ел ағасы, жаңа өмірдің
жарқын ұландары, ескі дүниенің бірде түлкідей бұлаңдап, бірде қасқырдай азу
салатын жыртқыштары да, малды да, жарлы да, алғыр да, әумесер де, сорлы да,
оқыған да, жібек жанды жас ару да, қатыгез талапты да өз тілімен сөйлеп, өз
көңіл күйін шертіп, өзіндік мінез-құлқы, арман- мүддесі оқырман көңілінен мәңгі
оырн алады. Зергер-ақынның зері де әр түрлі. Ол бірде оқырманын көңілдендіре
сөйлесе, бірде жігерлендіре, желпінте, көтере сөйлейді, енді бірте көңіл-күйін
шерте, сырласа, тебіренте толқиды, тағы бірде айналаға ой көзін жіберткізеді.
Әбу Сәрсенбаев- үлкен талант иесі. Ол ой маржанын бүкіл әлемнен, ал
поэзияның бояуын халықтың тағдырынан алды. Туған ел мен атамекеннің
қасиетін, сағым көмкерген даланың құдіретті күшін, бабалардың өшпес рухы мен
қайтпас ерлігін, адалдықты ту еткен асқақ жандардың ару махаббаты мен адал
достығын жырлады. Ақынның жанынан туған өлеңдері, оқиғалы өлеңдері зерделі
зергер қолынан шыққан, хас сұлулығымен, тіл тазалығымен әсерлі. Замана
сарыны, туған даланың жан сүйсінер жазира көрінісі, халықтың әдет-ғұрпы, салт-
санасы, адамдар мінезі, оқиға-тартыс ағысы-жанды қалпында жанарыңызда
толқиды. Терең тамырлы халық өмірі, көркем тіл ұлттық әдебиетіміздің
таңдаулы үлгі балладаның ерекше сипатын көрсетеді. Балладаларындағы
қаһармандар мінез-құлқымен, ой-өрісмен заманның күрделі сипатын танытады.
Әбу Сәрсенбаев өз заманының жаршысы.
«Қаралы қара аруана» балладасы өзіміз ортасында жүрген табиғат,
тіршілік жайлы алуан ойларға негіз болған. Бәрінен бұрын бүгінгі күннің өзекті
мәселесін, әлеуметтік проблеманы қозғайды. Табиғат пен адамзат қатынасы
мәңгілік бірлікте. Адамның дүниеге, өмірге көзқарасының өзі осы ортамен
байланыста қалыптасады. Осы тұрғыда ақын саналы да салмақты ойдың желісін
тартқан. Баллададағы адам мен табиғат басына түскен ауыр тауқымет суреттері
кімнің болса жанын тебірентпей қоймайды. «Қаралы қара аруана» балладасының
жанрлық сипатының «оқиғалы» өлеңге толғымен сай келетіндігін өлең идеясын
оқиғаның не сюжеттің емес, солардан туатын ойдың анықтауы дәлелдей түседі.
«Қаралы қара аруана» және осы сияқты өлеңдерді оқып болғаннан кейін
оқырман мен тыңдарманның өмірлік заңдылықтары, адамдық қасиет, пендешілік
төңірегінде толғанып, ойлануы-өлең оқиғасынан туатын ой арқылы қабылданған
лирикалық сезім, түйсік. Лирикалық шығармалардың бәріндегі сияқты,
«оқиғалы» өлеңнін де мақсаты осы, ондағы оқиға ойға от тастау үшін алынғандай
әсер қалдырады. Оқырман мен тыңдарманды «оқиғалы» өлең кейіпкерінің
244