БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 246
БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы емес, әлеуметтік-саналық, рухани сырларының
ашылуы ойландырады.
Күмбір күмбір ақтарылды тынбастан...
Әулие күй шалқи берді.
Қам көңілдің жүрегімен сырласқан...
Боз тұлыпқа ыңыранады кеп
Кейде осылай адам түгіл, жануарлар-дағы,
Сезе ұрып, өзін-өзі үмітімен алдайды [3,27 б.]. Өлең ішіндегі оқиғаның
ақын көзімен байыпталып, адам өміріне шендестіре суреттелуі ғажап. Табиғат
төрінде болып жатқан тіршіліктің өзінен ақын қиялы тамаша сұлулық көріп,
соны адам өмірінің ең бір қиын яғни ананың баладан айырылуы секілді сәттерін
ұқсата жеткізеді. Ақын табиғаттың ерекше жаратылысы, төрт түліктің төресін
суреттей келіп, ана мен аруана сезіміндегі ұқсастықтар, адам мен табиғат
арсындағы үндестіктер туралы үлкен эмоциямен,қ иял арқылы табиғатпен
тілдесіп, көркем ойды ашады. Сол сияқты ақынның «Түстегі балладасы» да
қазіргі табиғат тазалығы үшін күрес тақырыбына арналған. Сондай-ақ «Үкітас
туралы баллада», «Қырандар қия биіктен», «Жаралы бәйтерек түбінде»
балладалары да өздерінің көтерген тақырыптарының салмағын барынша биіктете
көрсете білген сапалы, көркем бағалы шығармалар болып есептеледі.
Әбу ақынның шығармашылығы да басқа ақындар сияқты уақыт, заман
тынысымен тұтас бірлікте. Уақыт озып, заман жаңарып, дамыған сайын өлең де
өрісін кеңейте түсетіні шындық. Әбу ақын өзінің өсу жолында қазақтың бай ауыз
әдебиетімен ұлы Абайды, алдыңғы қатарлы орыс әдебиетінің үлгілерін, ХХ
ғасырдағы қазақ әдебиеті классиктерінің, әдебиет майданындағы рухани
ағаларының асыл мұраларын үлгі өнеге тұтып, сол бай ақындық дәстүрлерді
өскелең өмірдің мақсат -мүддесіне сай, жаңа жағдайда, жаңаша өрбіте түсті.
Сөйтіп оларды үлкен шығармашылық жауапкершілікпен меңгерді. Сондықтан
ақынның өлеңдері үнемі бір деңгейде тұрып қалмай, уақыт озып, ақынның
шеберлігі шындалған сайын терең өзгерістерге ұшырап отырды. Осылай өзіндік
өрнек айшықтар, көркемдік тәсілдер тауып, қазақ поэзиясын жаңа түрлермен,
бейнелермен көркемдік ізденістермен байытты.
Әбу Сәрсенбаев өз тағдыры – халқының тағдыры, халықтың тағдыры – өз
тағдыры, өз мерейі, өз мүддесі екенін мейлінше сезінген ақын. Сондықтан да ол
өз кезеңіндегі еліміздің тынысын, замандастарының қаһармандық ерлігін,
еңбектегі ерен қимылын, туған елінің, туған жерінің әсем табиғатын зор ақындық
шабытпен, реалды шындық аясында шебер өрнетеп отырды. Ақын лирикасы
өмір шындығын сол бір табиғи қалпында бейнелейтін көркем шежіре деуге
болады. Оның өлеңдері өмірдің өзінен көше қалған көркем туындылар деп
қараған жөн. Бұдан шығатын қорытынды, Әбу ақын кез келген тақырыпты
талғаусыз жаза бермейді. Ол тек өзі көрген, өзі жақсы білетін жайларды ғана
тереңннен толғайды. Өзін толғандырған тақырыбының ішіне бойлай еніп, оны
ұтымды жаңа бейнелеулер арқылы әсерлі етіп беру Әбу ақынның басты ақындық
шеберлік қасиеттерінің бірі.
Түйіп айтқанда, баллада-халқымыздың қоғамдық өмірі мен рухани
тіршілігінің көрінісі. Балладаның ерекшелік сипаттарын еркін игерген Әбу
ақынның айтар ойы мен түйер түйіндері асқақ та үлкен дүниелер тудырғанын,
төл поэзиямызға мол үлес қосқанын аңғартады. Әбу ақынның «оқиғалы»
өлеңдердің мазмұндық, жанрлық сипаттарының тереңінде осында қымбат
қасиеттер жатыр. Қазақ балладаларында ұлттық мінез шынайы да көркем
бейнеленіп отырады. Оған ең алдымен жанрдың өзіндік табиғаты себепші десе де
болады. Көркемөнердің ұлттық сипатын танытатын негізгі категориялары:
ұлттық мінез бен ұлттық сезім, ұлттық дәстүр, тілі, сонымен қатар ұлт өмірінің
245