БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
аруладың жанын жаралап, жүректеріне мәңгі дақ түсіргені тарихи шындық.
Болмысынан гуманист ақын балладаның соңын адамдардың бойында патриоттық
рух отын оятатын бейбітшілікке құлшындыратын жарқын оймен аяқтайды.
Сондай-ақ ақынның «Шие ағашы» деп аталатын балладасы да сол бір сұрапыл
жылдардың ащы шындығын реалистік мәнерде бейнелеген туындылардың бірі.
Қасіретті ана мен десанттың арасындағы монологта бейнелетін баллададан
алладан тілеп алған перзентінен айырылып, өмірден ауыр соққы алған байғұс
ананың қос бұрым мен мәйіттен басқа алаңы жоқ.
Ана өрімін тұзақ етіп,
Фашист сұмдар қорлап мені,
Шие ағашқа кеткен асып,
Күнәсіз жас нәрестені [2, 172 б.].
Шығармада неміс басқыншыларының жан түршігерлік жауыздығы,
айуаннан да бетер қаныпезерлігі қатты әшкереленеді.
Біз шиеден ауыз тиіп,
Анамызға бердік те қол.
«Қайда ұрыс майданы?!» деп,
Кеттік тартып батысқа жол
Артымызда қала берді,
Зәулім биік шие ағашы,
Кек туындай желбіреді,
Катюшаның толқын шашы... [2, 28-29 б.]. Шығарманың осы жолдарынан
оқырман ана қасіреті майдан түтініне тотыққан солдаттың күйін сезеді. Жүрегіне
шоқ түскендей күй кешкен солдат ананының кегін қайтаруға аттанып кеткендей
сезілді. «Ұлым туралы ой» балладасында да бас кейіпкердің жан дүниесі, сезім
иірімдері тереңірек сипатталған. Лирикалық кейіпкердің туған ұлының қаза
болғанын естігендегі психологиялық тебіренісі, жай-күйінің аласапыран шағы
шығармада шебер суреттелген. Ақын өлеңдегі кейіпкерлердің әрқайсысының
мінезін лирикалық шығарманың мүмкіндігіне қарай шындыққа, ұлттық мінезге
сай өлеңнің бір-екі жолы көлемінде көрсете алған. Өлең оқиғасы ондағы кейіпкер
іс-әрекеті оқырманды иландырады, сендіреді. Украинадағы партизандар ерлігіне
арналған неміс басқыншыларының бейбіт халыққа жасаған бүлігі, айуандық
әрекеттері сипатталатын «Намыс ұлы» аталатын оқиғалы өлеңі уытты
жолдарымен беріледі. «Өлім ойпаты» оқиғалы өлеңдегі сюжетті қозғалыс
бейнелі тілмен жазылған.
Бұл не сыр? Білуге біз де асық,
Іздедік бір екніші дөңнен асып...
Фашист сұмдар селоның бүкіл жанып,
Терең сайға иіріп, кеткен атып.
Бізге бір үмтіпенен қарады ана...
-Кел, дәрігер, талмаусырап кетті бала...
Рас, бірақ кеш еді жас бөбектің
Жау оғы көкірегіне салған жара... [2, 238 б.]. Соғыс...соғыс әр үйдің есігін
қақты, әр үйге қайғы бұлтын үйірді. Ол ананы баласынан, әйелді ерінен, баланы
әкесінен айырды. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырды.
Ақын бұл өлеңінде перзентінен айырылған ананың басына туған ауыр күндерді
жаны, жүрегі ауыра жеткізген.Осындай жүйкеге жеткізілген эмоциялық әсер
серпінді әрі қуатты тілмен оқырманға жол тартқан. Соғыс жылдарындағы бүкіл
тылдағы қиын-қыстау жағдайлар шалғайдағы тарыдай шашылып жатқан қазақ
ауылдарына да тән әлеуметтік шындық еді. Сол кезде сол сұрапыл соғысқа
қатысы болмаған, адамы кетпеген, шаңырағы шайқалмаған отбасын табу қиын
шығар. Жетімдік те, жесірлік те, аштық та, жалаңаштық та болғандығы тарихи
243