БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Página 243

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Тек оңаша егіледі.» [1, 339 б.]. Балладағы әрбір деталь, әрбір образ бәрі де нанымды, бәрі де кәдімгі болмыстағы қалпындай қарапайым. Сондықтан да негізгі ой, қорытынды түйін терең мазмұнға ие болған. Ана мен бала басындағы қайғы, мұң миллиондаған адамдардың басындағы қасірет еді. Ақын соғыс кезеңінің осы шындығын шебер жеткізе отырып Жүрек, жүрек асылсың ғой Үміт атты құс ұялар: Қос жүректе жатыр мөлдір Қасиетті құпиялар, - деп адам баласының табиғи асыл сезімінің сұлулығына тамсандырады. Поэзияның басты мақсаттарының бірі де – адамдардың жақсылыққа деген үмітін үзбеу, болашаққа деген сенімін жоғалтпау болса керек. Өмірдің өзінен поэзияға тікелей ауысқан балладаның бірі – «Алмаш ару». Мұнда ақын соғыс салған жара арқылы өз замандастарының, тағдырластарының өмірін толғайды. Соғыс зұлымдығын әшкерелеп, бейбітшілікті паш ету - балладаның негізгі ой өзегі. Баллада ақынның – лирикалық кейіпкердің монологы түрінде берілген. Соғыс аяқталғаннан соң жиырма жылдан кейін өзі жүріп өткен майдан жолдарын аралаған лирикалық кейіпкер Балатон көлі маңында (Венгрия) жаралы боп жатқан, жалыннан тамағы кепкендей «аузына сусын тамызған Алмаши аруды ілтипатпен еске алады. Жаралы жауынгерді құтқара жүріп Алмаш та аяғынан қатты жарақаттанады. Баллада да сезім мен сурет қатар өрілген. Қайда екен сол бір армандай сұлу асыл жан, Құмартсам ол кез, несіне бүгін жасырам, Кеудеңнен толқып төгілген қара өмірге, Көз тігіп, шіркін, қарауға жазса өмірде. Мойындау қажет, бойында шерек ғасырдың Арманды сол бір өз кеудемде жасырдым. Сарғая күтем құмарта құлап өзгеден Сағынсаң шалқар болады екен көл деген [2, 171 б.]. Бұл бір кезде өзін өлімнен құтқарып қалған бейтаныс замандасына деген лирикалық кейіпкердің ризашылық шынайы сезімі. Арада көп жыл өтсе де көкірегінде тұнып жатқан жүрек лүпілі. Өзінің өміріне арашашы болған адамды бір көрсем деген әркімнің-ақ көкейінде болар ақ тілек арман. Лирикалық кейіпкер Балатон көлінің жағасын шарлап, жастық шағының жоғалған іздерін барлай жүріп, сонау бір кездегі өзіне таныс қасиетті кәрі емен жанына келеді. Сол кезде балдақты, қара көзілдірікті, бурыл шаш әйел де кәрі еменге келіп сүйенеді. Бұл баяғы Алмаши ару еді. Лирикалық кейіпкер: «Кешірім Алмаш, (бұрқ етті беттен кенет тер) обалына болыппын, жаным, себепкер» деп өзін кінәлі адамдай сезінеді Күрсінді Алмаш. Тиген жоқ сенің кесірің, Кінәлі соғыс! Соғысқа жоқ қой кешірім! Әжімді жүзді түлгілей берді тамшылар, Сирақсыз қалған Алмаштар талай бар шығар. Адамдар енді сұмдыққа қайтіп бармасын! Білмесін тарих әкесіз өскен жетімді, Сирақсыз қалған мәңгі тұл, мәңгі жесірді [2, 172 б.], - деген ет-жүрегінді езілдіретін күйлі-мұңды, суретті шумақтармен ақын бүкпесіз, бүркемесіз шындықты шынайы жеткізе білген. Қу соғыс талай 242