БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 242

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. құлағына шалынады. Сөйтсе әлгі әнші жігіт баяғы құтқарылған бала болып шығады. «Қасиетті құпия» балладасы соғыс қасіретін тартқан тылдағы ана мен бала, жесірлер трагердиясы. Балладаның бірінші бөлігінде Шынар жеңгейдің жақсы түс көргенін, түсінде астында Ақмоншақ аты, омырауда Алтын Жұлдыз Жарқын келіп Шынарға үн қатқаны «әттең, бірақ жақсы түстің аяқталмай қалды ар жағы». Содан кейін мұндай түстердің ортаға тез тарайтыны, осы түсті де шал қорада келіншектердің сан айтқызғаны баяндалады. Жүрегі жаралы келіншектер жақсы түсті жақсылыққа жорып, қайтадан үміт отын жағары сөзсіз. Балладаның екінші бөлігінде жаңағы жылт еткен үміттің өшкені баяндалады. Сыңар аяқты хат тасушы қарттың келуінің өзі жамандықтың басындай елес береді: Есенсіз бе? – сәл жымиған, Күлкі емес бұл аянышты. Күрсіністің хабарындай, Жарып шыққан жараны ішкі [1, 334 б.]. Содан кейін хат тасушы шал Шынарға хатының қайтып келгенін, өзінің де жалғыз ұлынан айрылғанын, мұны жамандыққа жорымауын айтып хатты ұсынады. Ақын әр кезде де кейіпкерлерінің ішкі әлемін көрсетуге көп көңіл бөліп отырады. Ал мұнысы бейтаныстан, -Мүмкін... жақын достан шығар. Мүмкін нөсер арасынан, Күн шуағын тосты Шынар [1, 336 б.]. Ашты еппе-егілдірген, Мың жұбайды, мың ананы Қабағы түн қарақағаз Хат ішінен сығалады...- деген жолдарға қандай сом сурет сыйғызып жіберген. Ананың баласынан айырылғанын, әйелдің күйеуінен айырылғанын жеткізетін қаралы қағазды қабағы түксиген алпауытқа теңеуі өте нанымды, әсерлі. Балладаның үшінші бөлігінде дала почтасынан хат келіп, қуанысып жатқан Ақан және оның кластас достарымен кездесеміз. Бірақ бұл қуаныш та ұзаққа созылмайды. «Хат қолынан түсіп кетті, Мұңар жапқан қарашықты! Әке... – Өксіген бір ащы үн, Жас кеудені жара шықты». Ақын соғыс қасіретінің жас жүректерді де жаралағанын әдемі келтіреді: Сәби жүздер түнек тартқан Мыңға ортақ қой осы дерттер. Мұңды көздер жаста малтып, Күрсінді жас көкіректер! [1, 338 б.]. Балладаның төртінші, бесінші бөліктерінде көкірегі шерге толы тұрса да ақын бала: Жоқ, айтпаймын, бейшараны Өшірмесін үміт шамын Кіл жақсы түс құшағында Қарсыласын күліп таңының деп осы қаралы хабарды анасына сездірмеуге серт етеді. Ал ана да жалғыз ұлын зармен қалай қарсыласын, көзіндегі тамшы жасын көкірегіне сорып алып, өзінің қайғысын баласына білдірмеуге бел байлайды. «Содан бері сыр ашпайды Бір-біріне сездірместен, Төзім неткен берік еді 241