БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Сәрсенбаевтың балладаларына талдау жасалды. Ақын шығармаларының ішкі
рухы мен көрініс-көркі, сипаты мен сынына аса мән бердік. Ақынның өз
заманының әуендері, халқымыздың ерлік істері мен еңбек адамдарының, өз
замандастарының сыр-сипатына жазылған шығармаларына шолу жүргізіле
қарастырылды.
Тірек сөздер: көркем әдебиет, лирика, баллада, сюжетті өлең, отанды
сүю, ұрпақ тәрбиесі, патриотизм.
Қазақ поэзиясына сюжеттің енуі, өлеңге оқиғаның араласуы өте ертеден
басталады. Мәселен, лирикалық поэзияның классикалық жанрларының бірі
баллада өзінің оқшау сюжетке, шағын оқиғаға құрылатындығымен ерекшеленсе,
олардың қазақ әдебиетіндегі тарихы тереңде жатыр. Әбу Сәрсенбаев қазақ
әдебиетінде сюжетті шағын лириканың көркем үлгісін жасап, оны қазіргі қазақ
поэзиясында дамытушылардың бірі болды десек артық айтқандық болмас. Ол
әңгімелей отырып, сыр ашуға, сырлы өлеңдер жасауға шебер ақындардың бірі
болды. Оның қаламынан қомақты - қомақты ақындық баяндаулар, монологтар,
балладалар дүниеге келді. Атап айтсақ, өмірінің соңғы кезеңдерінде жазылған
«Қатыгез ғасыр құрдасым», «Қарт коммунист толғанысы», «ХХІ ғасыр
президентінің жан дауысы», «Майдан мергенінің монологы», «Қатардағы қарт
солдат», «Сексен бес деген қиядан» сияқты өлең жырларының, толғаныс-
толғауларының мәні зор. Сол сияқты ақын балладаларының да көркемдік
сипаттары ерекше. Ақын баллада жанрының қыр – сырын жете меңгеріп барып
өз қажетіне пайданалып отырған. Оған төмендегі ақын балладаларын талдау
үстінде көзіміз жеткендей болды.
Ұлы Отан соғысы Әбу Сәрсенбаевтың өмірлік тақырыбы болды. Ол
етігімен су кешкен ер азаматтардың көңіл-күйін өз лирикасына үзілмес өзек
етумен өтті. Осы соғыстағы (жауынгер) нағыз ерлікті, адамгершілікті,
интернационализм мен патриотизм, гумманизмді дәріптеу идеясынан туған
балладаның бірі – «Солдат Жұлдыз». Бұл ақынның «Азаттық солдаты» өлеңінің
заңды жалғасы, тіпті кеңейтілген нұсқасы деуге болады. Баллада Ұлы Отан
соғысының аяқталар тұсында болған бір оқиғаға негізделген. Балладаның
басында жауынгер бастан кешірген қилы-қилы кезеңдерді, ауыртпалықтар мен
азаптармен сипаттауға арналады. Негізгі оқиға балладаның екінші бөлігінде
болды. Берлинде Рейхстагқа қарай ұмтылған жауынгердің құлағына неміс
әйелінің зарлы үні естіледі. Өртенген үйдің ішінде оның сәбиі қалып қойған.
Осындай трагедиялық жағдайда көп ойланып тұрмастан каскасымен сүзе жарып
әйнекті тарғыл жалын шарпыған үйге сүңгіген жауынгер жалын ішінде
шырқыраған сәбиді аман-есен алып шығарды. Сол кезде тасадағы дұшпан
мергені жауынгерге мылтығын кезене береді. Дәл сол сәтте жаңағы неміс әйелі
дереу жауынгерді қолқалап, кеудесін оққа тосады. Ана төсін жып-жылы қызыл
қан басады. Ал жауынгер нәрестені құшақтаған күйде қасындағы фонтанның
айдын суына күмп береді. Сүйтіп нәрестені құтқарып қалған жауынгер өз
пилоткасындағы жұлдызды сәбидің омырауына қадап кетеді. Шығарманың
үшінші, төртінші бөліктерінде де оқырман оқыс оқиғаға тап болады. Арада отыз
жылдай уақыт өткенде қос балтақты қарт жауынгер Берлинге келіп, өзіне таныс
көшелерді аралайды, баяғы фонтанға соғып, өткенді еске түсіреді. Көшеде ойда
жоқта кездескен жас неміс жігіті оған өзінің аты-жөні жазылған картаны
сыйлайды. Ол баяғы өзі қып-қызыл өрттен құтқарып қалған нәресте екені кейін
анықталады. Балаға басқа есім берілмей «солдат жұлдызы» атанып кеткен.
Кешегі жауынгер бүгінгі ғалым жиналған жұртшылыққа лекция оқып болғаннан
кейін неміс әртістері концерт береді. Сонда Гетенің сөзі, Абайдың сазы оның
240