БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Когнитивтік лингвистиканың аясында жаңа сөздердің жасалу тетіктерін,
жаңа лексикалық бірліктердің қалыптасу үдерісіне ықпал ететін когнитивтік
факторларды, когнитивтік және тілдік құрылымдардың арасалмағын танып-
түсіну аса маңызды.
Когнитивтік бағыт – лингвистикадағы қарқынды дамып келе жатқан,
көптеген ғылыми мектептерді тоғыстыратын сала. Антропоцентристік парадигма
шеңберінде тілдегі құбылыстарды зерттеу түрлі бағыттарға жіктеледі:
− Е.Ю. Балашованың жіктемесі бойынша лингвокогнитивтік (Ю.С.
Степанов, В.И.Карасик, В.В.Красных, В.А. Маслова, Н.Ф. Алиференко және т.б.)
және лингвомәдени (Е.С. Кубрякова, З.Д. Попова, И.А. Стернин, В.Н. Телия және
т.б.) бағыт [8];
− Л.А. Шарикова
мен
Ю.П. Бауэрдің
жіктемесі
бойынша
лингвокогнитивтік бағыттағы зерттеулер психологиялық (С.А. Аскольдов-
Алексеев, Д.С. Лихачев), логикалық (Н.Д. Арутюнова), философиялық
(В.В. Колесов), мәдени (Ю.С. Степанов), лингвомәдени (В.Н. Телия) тұрғыдан
жүргізіледі [9, 247-248 б.];
− З.Д. Попова мен И.А. Стернин қазіргі когнитивтік лингвистиканың
аясындағы зерттеулерді мәдени (Ю.С. Степанов), лингвомәдени (В.И. Карасик,
С.Г. Воркачев, Г.Г. Слышкин, Г.В. Токарев), логикалық (Н.Д. Арутюнова,
Р.И. Павилёнис), семантикалық-когнитивтік (Е.С. Кубрякова, Н.Н. Болдырев,
Е.В. Рахилина, Е.В. Лукашевич, А.П. Бабушкин, З.Д. Попова, И.А. Стернин, Г.В.
Быкова), философиялық-семиотикалық (А.В. Кравченко) бағыттарға жіктейді
[10, 12 б.].
Когнитивтік лингвистика – салыстырмалы түрде жас ғылым саласы,
осымен байланысты неологизмдерді когнитивтік аспектіде қарастыруға арналған
зерттеулер көп емес. Дегенмен «неологизм» ұғымының мазмұнын ашуда
когнитивтік лингвистика саласындағы Е.С. Кубрякова, Ю.С. Степенов сияқты
ғалымдардың зерттеулері мен неологизмдерді когнитивтік тұрғыдан талдауға
арналған диссертациялық жұмыстарға сүйенеміз.
Ю.С. Степанов жаңа сөздердің жасалу үдерістерін пайымдай келе,
«жылтылдақ концепт» («мерцающий концепт») деген ұғымды енгізеді. Жаңа бір
нәрсеге немесе құбылысқа атау беру қажеттілігі «жылтылдақ концептінің» пайда
болуына әкеледі, бұл концептіге қандай да бір біріншілік мәнді үстеу үшін оны
белгілі бір категорияға кіргізу қажеттілігі туындайды. Бұл тізбек вербалдану
үдерісімен аяқталады, яғни дыбыстық жамылғыға ие болады. Лингвистикада
жаңа сөздердің қалыптасу сатыларына тән принциптер белгілі, алайда Ю.С.
Степанов жаңа сөздердің «бастапқы» жай-күйін талдай отырып, терең
құрылымдарына ерекше мән береді.
Е.С. Кубрякова
неологизмдердің
когнитвитік-дискурстық
қырын
қарастырады. Когнитивтік-дискурстық тәсіл тілді танымдық тұрғыдан зерттеуде
жиі қолданылады. «Жаңа сөздерді когнититвтік-дискурстық бағыттың аясында
зерттеудің объективті қажеттілігі неологизация процесінің табиғатымен және
мазмұнымен анықталады, басқаша айтқанда неологизация кешенді когнитивтік-
дискурстық үдеріс ретінде қарастырылады және халықтың тілдік санасының
өзгеруіне,
сөйлеуі
мен
ойлауындағы
когнитивтік-прагматикалық
қажеттіліктермен байланысты құндылық бағдарының өзгеруіне сәйкес тілдің
лексика-семантикалық жүйесі де жаңарып отырады» [11].
Е.С. Кубрякова когнитивтік-дискурстық тәсіл түрлі лингвистикалық білім
салаларының өзара байланысын ескере отырып, зерттеудің кешенді пәнаралық
сипатын ұсынатындықтан, жаңа сөздерді аталған аспектіде зерттеу аса маңызды
деген тұжырым жасайды [12, 12 б.]. Жаңа сөздердің туу үдерістерін зерттеуде
аталған тәсілдің когнитивтік бөлімі осы үдеріске қатысатын білім түрлерін,
235