БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
байырғы ұғымы қолданылады. Мазасыз, сұрампаз кәрі құданың бейнесі арқылы
қыстың да қайталап келіп, елдің тіршілігін тарылта беретіні суреттеледі.
Өлеңде шидем мен тонын қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға
«бет қарауға шыдамай, сырт айналып», мал соңында жүрген жылқышылар,
суық өтіп, титығы құрыған тайлар мен жабағыларға ауыз салуға жанталасып,
жортып жүрген аш қасқырлар көркем бейнеленген.
Бұдан кейінгі кезекте жазылған «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір –
екі ай» өлеңдерінде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық-көркемдік
тұрғыда беріледі.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан?
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрыңғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, құрай, - деп, көшпелі елдің күзгі тіршілігі
мен табиғаттың жүдеу көрінісін үйлестіре, байланыстыра суреттейді.
«Жазғытұрым» өлеңінде де Абай көктемнің өзіндік суреттерін бейнелейді.
Ақынның бұл өлеңінен жылдың осы мезгіліне тән өзіндік ерекшелік – «ата-
анадай елжіреген күннің көзі» екенін, яғни жер бетіндегі өзгерістердің күнге
байланысты екенін дұрыс пайдаланғанын көреміз.
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелекпен, құспенен сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су, - деп көктемгі көріністің суреттерін
толық жаза отырып, көктем мезгілінің ел тіршілігіндегі орнын жанға жайлы,
еңбекке қолайлы екенін де атап өтеді:
Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер,
Диқаншылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның біреуі екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер, - деп тіршілік үшін күресетін мезгілі
екенін айтады.
Ақынның табиғат жырларындағы сәтті ізденістерінің қатарына «Желсіз
түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып» өлеңдері де жатады.
Төменгі сынып оқушылары үшін ұлы ақын өлеңдерінің танымдық мәні
зор.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбдырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Абайдың бұл өлеңі жазғы ай сәулесінің көрінісін, түн тыныштығында
самалдың ағаш жапырағын сипай өтуін елестетіп, жан дүниеңізге әсер етеді.
Абай өлеңдерінің дүниетанымдық мәні – шындықты нақ суреттеуімен
бірге, табиғат, адам, қоғамды үйлестіре білуінде.
Қазақ әдебиетінің классигі Абай поэзиясы терең мазмұнымен, асқан
көркемдік қасиеті мен бүкіл әлем әдебиетінің озық үлгілері қатарынан орын
алады. Абай туралы А.Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында: «Оқып
21