БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 21

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Ұлы ойшыл ақын «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!- деп әр баланың өмірдегі өз орнын дұрыс таба білу қажетін ескертіп: Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар- Сол жарасар туғанға, - деп, әділеттілік пен мейірімділікті жоғары бағалайтын, ел ертеңі жастардың бойынан тек жақсы қасиеттерді көруді аңсайтын ұлы ақынның ұлтжанды бейнесін аңғаруымызға болады. Ұлы ақынның бұл өлеңдері бастауыш сынып оқушылары үшін дүниетанымдық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағдар беріп қана қоймай, олардың халық ертеңін, еліміздің болашағы екенін жете ұғынған халқының патриоты екенін көруімізге болады. Ұлы ақын, ғұлама ойшыл Абай табиғат лирикасын өзінше жырлаған. Оның әсіресе, жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері – ақындық шеберлікпен жазылған сұлу жырлар. Жайқалған гүл-бәйшешек, көкорай шалғыны мен күркіреген өзені бар тамылжыған жаз да, ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қыс та, аспанын бұлт торлаған, гүлі солғын, сарғыш далалы күз де Абай өлеңдерінде бейнеленеді. Ақын өлеңдерінде табиғат пен адамның, қоғамның байланысы терең суреттеледі. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда, елін, жерін құрметтей білуге тәрбиелеуде ұлы ақынның табиғат туралы өлеңдерінің алатын орнына баға жетпейді. Абай «Жаз» өлеңінде жазғы табиғатттың көркем көрінісін асқан шеберлікпен бейнелейді, көкорай шалғыны мен бәйшешегі толысқан жайлау әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігі қимыл-қозғалысымен түгелдей суреттеледі. Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай – шалғын, бәйшешек, Ұзарып, өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда, - дей келе, әзілдесіп, күлісіп үй тігіп жатқан қыз- келіншек, ат үстінде мал аралап жүрген ауыл иелері, жылқы соңындағы жылқышылар, су жағалап құс салған бозбалаларға дейін алып, көшпелі ауылдың реалистік тіршілігі шағын өлеңнің ішіне шеберлікпен сыйғызыла суреттеледі. Туған жеріміз Қазақ елінің әсем келбетін суреттеуі – бастауыш сынып оқушыларын өз елін, туған жерін сүюге тәрбиелеудің құралы болып табылады. Ақын қыс табиғатын өзгешелеу стильде суреттейді. «Қыс» өлеңінде де табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады. Бұл әрекет табиғаттан гөрі адамның әрекетіне ұқсайды. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр-мылқау танылмас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Абайға дейін қазақ әдебиетінде табиғатты жанды адам бейнесінде суреттеу болмаған. Бұл – ұлы ақынның қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығы. Абай қысты қазақтың енжар жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алып, «демалысы-үскірік, аяз бен қар кәрі құдаға» теңейді. Бұл жерде халқымыздың 20