БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 23

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес, олардан басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең» – деп келіп, Абай шығармаларын жоғары бағалап, ұлы ақынның өлеңдері жас ұрпақ дүниетанымын қалыптастырудағы орны ерекше екенін анықтап берді [5]. Абай шығармашылығында алатын орны зор туындылары – оның проза түрінде жазылған еңбектері. Олар «Қарасөздер» немесе «Ғаклия» деген атаумен жариялатып жүрген терең философиялық толғаныстардан тұратын дүниелері [6]. Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөздерінің көлемі аз, бірақ мазмұнды келеді. Көпшілігі сұрау, жауап не оқушыларымен, не өзімен-өзі кеңесу үлгісінде құрылған. Абайдың қара сөздерінде өзі көрген өмір сабақтары туралы ойлары, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндері, ақынның дүниетанымдық пікірлері жазылған. Ақын бастауыш сынып оқушыларының дүниеге көзқарастары қалыптасып, дамуына біліммен қоса тәрбиенің де маңызы ерекше екенін жазды. Сол себепті тәрбие арқылы бала бойындағы туа біткен қаситеттерді дамыта отырып, оның ақыл-ойын, ерік-жігерін, адамгершілік пен парасаттылығын жетілдіруге болатындығын түсіндіреді. Ғұлама ойшылдың әрбір қарасөзінің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ол жастарды жағымсыз мінез-құлықтан жирендіреді, іскерлікті, шеберлікті дәріптеп, тіл үйренуге шақырады. Халқымыздың салт-дәстүрлерінің жағымдысын мақтап, жағымсыз жақтарынан сақтандырып, балаларды өнер- білімге, ғылымға, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке шақырады. Данышпан ғалым өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде: «Рас бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең - әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса,билік соларда болады екен. Екіншісі – намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырлған жерге ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысыды екен. Кәнеки, енді осы екі мінез қайда? Бұлар да арлылық, намыстық, табандылықтан келеді» - деп жазды. Абайдың бұл қара сөзінде – арлылық, намыстық, табандылық –тәрбиенің жемісі дейді. Адамның ең ұлы сезімін азаматтық парызын орындау үшін жоғарыда аталған мінезді игеру керек екенін Абай атап көрсетеді. Абай шығармаларынан қазақ халқының өзіндік қасиет бітімін көреміз. Абай бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін аудармалар арқылы да қалыптастырып, дамытуға ат салысты. Кемеңгер ойшыл орыс әдебиетінің классиктері А.С.Пушкин, Ю.Лермонтов, А.Крыловтың шығармаларын аударды. Ақын аудармаларының қай-қайсысын алсақ та, қазақ тұрмысына жақындатылып аударылғандықтан Абайдың өз шығармасындай болып көрінеді. Данышпан ақын, әсіресе, А.Крылов мысалдарын көптеп аударған. А.Крылов мысалдарын аудару арқылы адам бойындағы қулық-сұмдықты, тойымсыздықты, жауыздықты, зорлық-зомбылықты, алауыздықты, әлін білмеген әлектерді сынай отырып, жастарды өз елін, жерін сүюге тәрбиелейді. Абай аудармаларының адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықты оқушыларға таныс, күнделікті көріп жүретін туған өлкесінде мекендейтін түрлі жануарлардың іс-әрекеттерін суреттеп сынау арқылы төменгі сынып шәкірттерінің дүниетанымын кеңейтіп, дамытудағы алатын орны ерекше. Мәселен, «Қарға мен түлкі» мысалында қарға сияқты мақтан сүйгіш, даңғойлардың түлкі тәрізді қуларға жем болуы көрсетілсе, «Шырылдауық шегірткеде» ертеңгі күнін ойламайтын жалқауларды күлкі етіп, шегірткені әкеліп өзінен әлдеқайда кіші құмырсқаға бас игізеді. 22