БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 215

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. ұрғыр неме! («Ертегілер»). Шық, көрінбе көзіме, қуарған. Құдай төбеңнен ұрғыр! Тек төбеңнен құдай ұрсын. Айуан шошқа! – деп айдап шықты (М.Әуезов). Балаға да, үлкенге де айтылатын ортақ қарғыстар: Құдай атқыр! Құдай төбеңнен ұрғыр! Құдай жазаңды бергір! Құдай көрсетсін! Алла бұйыртпасын! Алла жазаңды берсін! Тәңір тапсын! Тәңір алғыр! Жер жастанғыр! Тұқымың құрғыр! Қыршын жасың қиылғыр! Нан соқсын! Аруақ атсын! т.б. Малға айтылатын қарғыстар: Құдай ұрғыр! Топалаң келгір! Аштан қатқыр! т.б. Мәселен, түрікше: Allaһ cezasіnі versіn! – Алла жазасын берсін! Allaһ canіnі alsіn! – Алла жаныңды алсын! қарашай-балқар тілінде: Аллах урсун! – Құдай ұрсын! деген мағынада жұмсалатын фразеологизм қазақ тілінде жиі кездеседі. «Қарғыс» татарларда «гаргыш», туваларда «қарғыш», алтайларда «қарғыс» деп аталып, қара ниетті рухтарға сенуден деп, үнемі қарғыс мағынада қолданылады. Алтай қарғысшылары қызыл іңірде айтылған қарғыс өтімді деп сенген. Тува бақсысы «қарғыш» айтқанда қара тонын, қара бөрігін киіп, қара даңғырасын, қара шоқасымен ұрып ойнаған. Қара дағы бар қара тілді, бір көзі шегір нысаналы адам айтса, яғни Тәңірі керемет сипатта жаратқан жандар айтса, орындалады деп нанған. Әзербайжандарда «алғыс» және «қарғыс» сөзінің тууы, ақ және қараниетті рухтарға сенуден, жақсылық жіберсек жақсылығымызды, жамандық жіберсек – соған қарымта аламыз деген ұғымнан тараған» [6, 95 б.]. Ал татарларда жаратушы күш тәңірге сыйынып, алғыс айтылады, «алғыс» – «алгыш», «қарғыс» – «гаргыш» сөзінің тууы, ақниетті және қараниетті рухтарға сенуден деп айта келе, А.М. Абдурахманов өз ойын былай жеткізеді: «Возможно, что слог «ал» в слове «алгыш» и слова «гара» (черный) лежащее в основе слова «гаргыш» и есть ни что иное, как имена определенных духов. Причем первый из них является покровителем добрых, второй – злых духов. Каждое из двух отмеченных слов «ал», наряду с прочным смысловым оттенком, означает также «род», «племя» и даже «обман», «хитрость» [7, 30 б.]. Демек, түркі халықтарында «алғыс» және «қарғыс» сөздердің мән-мағынасын, ұқсастықтарын байқадық. Қазіргі дүниетанымымызда «Құдай, Алла, Тәңірі» концептісінен туындаған сөз тіркестерінің аясы өте кең. Осы культтік сөздердің тірек болуымен алғыс, қарғыс, бейтарап мағынада қолданылатын, этносқа тән дүниенің тілдік бейнесін танытатын когнитивтік бірліктер, фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдер көптеп саналады. Тілімізде алғыс мәнді сөздерге бата беру, жақсы тілек айту сияқты сөз тіркестерінің де қатысы бар. Тілек сөздердің бәрі де жақсылық тілеу ниетімен айтылады. Көркем шығармаларда бата сөздердің ғасырлар бойы өңделіп, қырланып, казіргі дамыған деңгейге жеткен үлгілері жиі беріледі. Тарихи даму барысында оның өне бойына қазақ халқының сан ғасырлық тарихи өмірі, еңбегі мен тұрмыс-тіршілігі орын тапты, оның жүздеген жылдар бойы қалыптасқан көркемдік-эстетикалық, діни-философиялық көзқарастары, биік мұраттары, қала берді жаратылысындағы өзіне тән психологиялық ерекшеліктері мен ділі бейнеленеді. Алғыс мәнді культтік фразеологизмдер адамның жағымды көзқарасын білдіретін, бір-біріне деген достық, жолдастық, туыстық, ізгілік қарым-қатынасы әрекетіне қатысты пайда болған. Ал қарғыс мәнді культтік фразеологизмдер жағымсыз жағдайда айтылады. Балаға да, үлкенге де айтылатын ортақ қарғыстар: Құдай атқыр, Құдай төбеңнен ұрғыр, Құдай жазаңды бергір, Құдай көрсетсін, Құдай ұрсын, Алла бұйыртпасын, Алла жазаңды берсін, Тәңір тапсын, Тәңір алғыр, т.б. Мысалдар, қарашай-балқар тілінде: «Аллах урсун!» – Құдай ұрсын! түрік тілінде: «Allaһ cezasіnі versіn!» – Алла жазасын берсін! «Allaһ canіnі 214