БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 214
БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
бүгіп отырады. Бата беруші адам оң бата бергісі келсе, екі қолын жоғары
көтеріп, алақанын оң жайып, ақ тілек тілейді, ал теріс бата беретін адам қолын
(алақанын) теріс қаратып көтереді, дәстүрлі қазақ қоғамында теріс бата алғаннан
жаман қарғыс болмаған. Бұл белгінің өзі батаның оң не теріс бата екендігін,
тілек айтылмай-ақ бірден танытады. Бата әр уақытта жақсылық тілеуді ғана
білдірмейді, сонымен бірге жамандық «қарғыс тілеуге» де құрылады. Теріс бата
«бата» деп аталғаны болмаса қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай
бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкенің қолын теріс жайып
берген қарғыс батасы. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол
атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның теріс батасын
алғандарды халық та жек көрген. Мысалы: Қыз Жібек жырында Төлегеннің әкесі
тілін алмағаны үшін «теріс бата» берсе, анасы «оң батасын» береді. Мысалы,
Сонда ел-жұрты: – Құдай пешенеңді ашсын! – деп батасын береді. Содан соң
Төлеген әке-шешесінен бата сұрайды («Қыз Жібек»). «Абай жолы» романында
М.Әуезов осы батаның рәсімін суреттеген: Құнанбай қос қолын созып, алақанын
сырт қаратып тұр. Бұл теріс батаның, қарғыс батаның белгісі (М.Әуезов).
Бата мен алғысқа қарама-қарсы сөз магиясының бір түрі – қарғыс.
Қарғыс туралы алғаш рет жазған Х.Досмұхамедұлы: «Қарғысты дұшпанына,
әкесі – көңілі әбден қалған ұлы мен қызына, молда – діннен безгендерге, ру басы
– жаугершілік кезінде елін сатқандарға және т.б. береді» – деп анықтайды [1, 21
б.]. Қарғыс мәндегі сөз тіркестерінің пайда болуы қоғамның өткен дәуіріндегі
ескі әдет-ғұрыптарға, салт-санаға және діни жол-жораларға байланысты.
Ежелден тіл өнері қонған халқымыз қарғыс айтуға да шебер болған. Қарғыс ата-
анаға, үлкенге, тілі, қолы тиген, тәртіп бұзған, ел атына, руына кір келтірген,
көпке зәбірі тиген, кісі өлтірген тағы басқа жат қылық, ерсі іс, теріс мінез
көрсеткен адамдарға айтылады. Қарғысты айтқанда дұшпанының артынан
топырақ шашып, теріс бата беретін болған. Мәселен, Базарбай Төлегенге ерем
деушілерге «тұзға қосып, теріс бата берем» деп, сес көрсеткен. Бұдан қарғысты
айтушы әртүрлі ырымдар жасап, тұз, топырақ, шөп, тас, т.б. символикалық
заттармен ғұрыптық әрекеттер жасап орындайтыныны байқалады.
Қарғыс сөздер батаның құрамында да айтылады. Мысалы,
Саған қас сағынған дұспанның
Өз руы құрысын
Құдайым, малды қыл,
Тең-құрбының алды қыл.
Қас сағынған кісіні
Қасқа шұнақ жарлы қыл.
Теріс бата жалпы семантикасы, қызметі, формасына қарай қарғыс ретінде
жүреді, бірақ қарғыстан айырмашылығы – қол жаю қимыл әрекеті болуы шарт.
Қарғыс пен алғыстың өте ертеде пайда болғанын айта келе, ғалым
Ә.Болғанбаев былай дейді: «Бұлардың негізгі идеялары көбіне діни ұғымдармен
тығыз байланысты. Кісінің аузынан шыққан алғысы мен қарғысы арқылы адам
баласының, жан-жануарлардың өмір тіршілігін оңайлатуға немесе қиындатуға,
ұзартуға немесе қысқартуға болады деген теріс ұғымнан келіп туған». Ғалым
қарғыс мәнді тіркестерді үш топқа бөледі: 1) малға айтылатын қарғыстар; 2)
адамға айтылатын қарғыстар; 3) затқа, тамаққа айтылатын қарғыстар [5, 121 б.].
Алғыс көбінесе адамға қаратылып айтылады, ал, қарғыс адамға да малға да
айтыла беретіндігі культтік лексемалардан байқалады. Олар: Құдай тас
төбеңнен ұрсын! Құдай төбеңнен ұрсын! Құдай ұрғыр! Алла жазаңды берсін!
Аруақ атсын! Тәңір алғыр! Тәңір алсын! Тәңір атқыр! Тәңірі тапсын! Тәңірден
тап! Тәңір кессін! – алланың қаһарына ұшырағыр, тәңір атқыр! деген
мағынадағы жұмсалады. Мысалы, Ей, сені құдай тас төбеңнен ұрсын! Құдай
213