БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 213

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. мағынадағылар жатады. Жаратқан Алла жар болсын! Жаратқан жарылқасын! Жасаған ие жарылқасын! Жасаған құдай жар болсын! Жасаған ием қолдасын! Жаппар ием жар болсын! Жаппар ием жарылқасын! Жаппар құдай жарықасын! – жолың болсын, дегеніңе жет деген тілек мәнде жұмсалатын фразеологизмдер. Періштенің құлағына шалынсын! Алдыңнан ақ күн тусын, артыңнан ай тусын! Көп жаса! Жолың болсын! Көсегең көгерсін! Халқыңның қалаулысы бол! Жұптарың жазылмасын! т.б. деген тілек мәнді сөз тіркестері де айтылады. Мысалы, Балам алыс сапарға кетіп барады. Жаппар құдай жарылқа! («Қазақ ертегілері»). Періштелер қорғай жүрсін! – айтқаның келсін, тілегің орындалсын деген мағынада. Періштелер қорғай жүрсін, Ақындар толғай жүрсін, Үйің қонақтан арылмасын, Құдайым пейіл-тілегіңді жарылқасын! («Беташар»). Бата кез келген жерде айтыла бермейді. Бата сөзді дастархан жиналар сәтте тек қадірменді, жолы үлкен, сыйлы адам ғана айтады. Сондай-ақ бата айтқанда алақан жаю, бет-сипау тәрізді аллау акпар, әумин тәрізді сөздердің айтылуы шарт. Бата сөзі тілекке қарағанда ұзақтау болып келеді. Академик В.В. Радловтың «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты еңбегіндегі бата сөздердің кейбір үзінділерінде көбінесе «Құдай» культтік лексемасы жиі кездеседі: Е, құдайым, жарылқа, Жарылқасаң, малды қыл! Біткен жұрттың алды қыл! Бұған қас қылғаннын, Малын алып, зарлы қыл! Е, құдайым, бала берсін! Мал мен басты пана берсін! Саған қас қылған дұшпанды Табанының астына сала берсін! Бұл орайда А.Васильевтің «Қазақтың халықтық ауыз әдебиетінің үлгілері» бойынша 1905 жылы Орынборда «Бата сөз» деп аталатын жинақты бастырып шығарғанын атап айтқан жөн. Аталмыш кітаптағы бата үлгілерінде де культтік фразеологизмдер кездеседі: Е, құдайым, жаздай бер, Жаздай берсең, жазбай бер! Е, құдайым, күздей бер! Күздей берсең, үзбей бер! Е, құдайым, қыстай бер! Қыстай берсең, қыспай бер! Е, құдайым, көктемдей бер! Көктемдегі көгеріп өскендей бер! Бата беру рәсіміне байланысты сөз тіркестерінде бата тілеушіге жақсылық тілей отырып, оның дұшпанына жамандық тілеу қатар айтыла береді. Оны мына өлең шумағынан көруге болады: Бармаймын енді әріге, Дұшпанның жолы тарылсын. Осы айтқанымның бәрі де Періштенің құлағына шалынсын! («Беташар»). Берілген мысалдағы періште діни мәндегі сөз көбінесе тілек, батаның соңғы бөлігінде жиі қолданылады. Періштенің құлағына шалынсын деген тіркес – айтқаның келсін, ал періште ұяласын – қолдасын, айтқаны болсын деген мағынада. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастар алдында тағы басқа реттерде оған оң тілеу айтып бата берген. Бата сұраушы адам қолын жайып, бір тізесін 212