БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 212

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Шықсын бейнет. Қиын дейді қиямет, Жақын дейді ақирет. Ажалға Құдай сабыр ет. Былай жүрген сайтанның Мойнына мінсін тауқымет! Разы болғанда жарапазан айтушының батасы мынадай: Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол, Боз торғайдай төлшіл бол, Ор қояндай көзді бол, Жиреншедей сөзді бол. Бәйтеректей бүрлі бол, Пайғамбардай нұрлы бол. *** *** *** Таң мезгілі болғанда Төсегіңнің басынан Жастығыңның астынан, Бөденедей шырылдап, Бозторғайдай шырылдап, Қыдыр келіп дарығай! Аллау акпар! «Бата» мен «тілек» әдетте мағыналас сөздер ретінде қатар жұмсала береді, бірақ бата сөзбен тілек сөздің бір-бірінен айырмасы бар. Тілек-бата сөздерінің мәтіні қазақ халқының ғасырлар бойы өмірден түйген тәжірибесінен алынған. Бата мен тілек, екеуі синонимдес ұғым. Онда бүкіл халық болмысының наным-сенімі, рухани-мәдени өмір тәжірибесі суреттелген. Батада күнделікті өмірдің пайдалы жағын салыстыру сипатымен қатар анимистік-магиялық наным- сенімдердің элементі кездеседі. Тілек – адамның келекшекте істелетін ісінің күні бұрын бейнеленуі. Тілек – ерік-жігердің бастапқы буыны. Өте ерте заманнан салтқа енген бата беру кейде өлеңмен, кейде тақпақ, кейде көркем қара сөзбен айтылса, тілек айту қара сөздермен беріледі. Тілек-бата сөздердің лексика-семантикалық құрамында бұрынан тілдік қолданыстағы жүрген «Құдай, Алла, Тәңір» культтік лексемалар және аталған культтік лексемалардың қазақ тіліндегі баламасы Жаратқан, Жаратушы, Жаппар, Жасаған, Жасаған Ием, Ие сөздері жиі кездеседі. Тілек-батаның өзі құдайдан сұрау, жалбарыну, тілек айту сияқты ой ниетінен туатындықтан, тұрақты культтік фразеологизмдердің орын алуы заңды. Жалбарынудың көбінің көлемі өте қысқа, ол бір-екі жол өлең немесе ырғақты қара сөзден құралады. Бата сөз – көне наным-сенімдерге негізделген сөз магиясы арқылы адам өміріне жақсылық, сәттілік әкелетін, сонымен бірге белгілі бір істі мақұлдауды, оған ризашылық білдіруді мақсат тұтатын белгілі бір ритуалмен орындалатын ерекше ғұрып. Ал тілек сөздерде ритуал болмайды, жасы үлкен адам жасы кішіге «рахмет» деген сөзбен қоса ризашылығын білдіру үшін айтады. Тілек сөзді, сондай-ақ той-жиында, дастархан үстінде, сөз алғанда кез келген адамның айтуы мүмкін. Жақсы тілек айту, алғыс мәнді культтік фразеологизмдерге: Құдай ұзағынан берсін! Құдай жарылқасын! Құдай жар болсын! Алла жар болсын! Алла жарылқасын! Тәңір жарылқасын! Тәңір бағыңды ашсын! Тәңір береке берсін! Тәңір ием жар болсын! Тәңір қолдасын! – құдай оңдасын, сәтін берсін деген мәндегі алғыс. Құдай тілеуіңді [тілеуің] берсін! Тәңір тілеуің [тілеуіңді] берсін! Тәңір қуат берсін! Тәңір пана болсын! Тәңір оңдасын! Алланың нұры жаусын!– мақсатыңа жет, ойыңдағы орындалсын, жолың болсын деген 211