БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 211

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Чулпан бабай мал бирсен, Зәңге бабай юл бирсен, Умай-ана углы бирсен, Кызыр-Батман кул бирсен! [3, 30 б.]. Бұл үзіндіден татар халқының жиі қолданып, құрмет тұтатын «Ут Ана», «Бөек Тәңрем», «Күк Тәңрем», «Умай-ана», қазақ халқындағы «От ана», «Көк Тәңірі», «Умай ана» культтік атаулармен мәндес, лексикалық мағыналары ұқсас дүниетанымдық бірліктер. Бата сөздердің айтылу мақсатына қарай бір-біріне қарама-қарсы мәндегі екі түрі бар: бірі – оң бата немесе ақ бата, яғни алғыс бата, екіншісі – теріс бата. «Оң бата алғыс алған адамның жолы оңғарылып, ісі сәттілікпен аяқталып отырады, керісінше, теріс бата алған, қарғыс естіген адамның басына қауіп төніп, болашақта көп қиындыққа кездеседі» [4, 272 б.]. Алғыс бата. Алғыс бата көбінесе біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Бата – ақ тілеудің белгісі. Бірер батаның үлгісін келтірейік. Дастарханға бата немесе ас қайыру батасы. Көбінесе бата тамақтанып болған соң дастарханға айтылады, яғни ризашылықпен беріледі. Бата беруші адам көбінесе бата тілейтін адамға өзінің тілегін білдіріп, «Құдайдан қайырым» тілейді. Мысалы: Асың, асың, асыңа! Береке берсін басыңа. Бөденедей жорғалап, Қырғауылдай қорғалап. Қыдыр келсін қасыңа. Сенен байлық өтпесін, Тәңірі берген несібең. Жаңа айдың батасы. Жаңа айды көргенде ежелден қазақтар: Ай көрдім, аман көрдім, Ақиреттік заман көрдім. Жаңа айда жарылқа, Ескі айда есірке – деп бата жасап беттерін сипайды. Бұл діншілдік емес немесе соқыр сенім емес, ол адамдардың табиғатқа, құбылысқа, ауа райына байланысты ежелгі мифтік таным, түсінігінің сақталып қалған бір көрінісі. Науырыз батасы. Науырыз мейрамында айтылады. Құдай жарылқасын! Бай қылсын! Бақ қарасын! Қыдыр дарысын! Аруақ жебесін! Дастарханға береке берсін! Осы айтылған тілек-бата тек Наурыз кезінде ғана емес, басқа уақытта да айтыла алады. Жарапазан батасы. Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан. Ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Жарапазанның ел арасында кең тараған нұсқасы мынадай: Үйің, үйің – үй екен, Үйдің көркі ши екен. Ақ төбедей көрінген Қандай байдың үйі екен? Кірсін дәулет, 210