БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
өнерге ыңғайлы, икемі барлар сол саланың атақты өкіліне аттанады және қайтсе
де оның көңілін тауып, ақ батасын алуға тырысады. Қазақ арасында белгілі бір
би, атақты ақын, аруақты бақсы не зергер пәленшеге, түгеншеге өзінің ақ
батасын беріп, ақыл-өсиетін айтыпты, сонан соң ол да би, ақын, бақсы не зергер
болыпты дегендей аңыз-әңгімелер орасан көп» [1, 21 б.]. Бата беру дәстүрі сөз
қуатына, сөздің құдірет күшіне сенуден туған, бұлар сияқты алғыс, қарғыс
мәндегі сөздерде сөздің магиялық қасиетіне деген сенімнің айғағы.
Бата беру түркі халықтарының көбінде бар. Мәселен, қазақ, қырғыз
халқында ғана «бата» айтылады. Басқа көптеген түркі халықтарында батаның
орнына «алғыс» айтылады, бірақ екеуінің де мағыналары бірдей.
«Алғыс» сөзі көне түркі тілінде «алғыш» деп аталады, Көне түркі тілінде
«алкыш» сөзінің болуының
өзі – оның өте ерте заманда қолданғанын
айғақтайды. Мысалы, «Көне түркі сөздігінде» былай деп жазылған: «Алкыш:
1.хвала, благословение, прославление; 2. рел. молитвенно-хвалебное песнопение,
моление, молитва, гимн» [2, 38 б.]. Демек, алғыс: 1) мақтау, мадақтау, тілек айту;
2) діни мазмұндағы жалбарына мадақтау өлеңі, жалыну, жалбарыну. Түркі
халықтырының фольклорында алғыстың осы екі мағынасы да сақталған,
әрқайсысында сәл-пәл айырмашылық бар.
Кейбір түркі халықтарында батаның орнына «алғыс» айтылады, бірақ
екеуінің де мағыналары бірдей. «Алғыс» сөзі әртүрлі фонетикалық өзгеріске
түседі. Мысалы, алтайлықтарда «алғыш», «алкыш», «алқыш сос», қарашай-
балқарларда «алгыш», қырғыздарда «алкыш сӧс», татарларда «алгыш», «алкыш»,
ұйғырларда «алкиш», әзербайжандарда «алгыш», қарқалпақтарда «алғыс»,
сахаларда «алгыс», туваларда «алгыш» деп аталатын өзара мәндес сөздер. Ал,
енді осы сөзге қандай анықтама берілген, соған көңіл бөлейік. Алтай халықтары
«игі тілек, өтіну, жалбарыну» десе, қарашай-балқарларда «жақсы тілек тілеу»,
татарларда жаратушы күш тәңірге сыйынып, «ізгі тілек тілеу» делінеді.
Ұйғырлар алғыс деп сәлемдесуді, қол соғуды, әзербайжандар бір-бірін
амандықпен қарсы алуды, қарқалпақтар игі тілек тілеп, «мадақтау» сөздерді
айтады. Сахалар, тувалықтар алғыс деп әртүрлі рух-иелерге арналған мақтау
өлеңдерін, соларға бағышталған жалыну, жалбарыну сөздерін, адамдарға
арналған жақсы тілектерді түсінеді. Осы аталған халықтардың бәрінде алғыс
үлкен мерекеде, үйлену тойында, тағы басқа қуанышты басқосуларда
айтылатынын көреміз.
Ертедегі түркі халықтарында алғыс сөзі әрі жалбарыну, әрі арнау, әрі тілек
ретінде қолданылған. Енді көркем шығармалардан мысалдар келтірсек, қарашай-
балқар тілдерінде: «Аллах джол берсин!» – «Алла қолдасын!» «Аллах
онъартсын!» – «Алла оңғарсын!» деген мағынада. Татарлар «құрбандық шалу»
мейрамында құдайға құлшылық жасап, сыйынып, алғыс, тілек айтып
«алкышлар» (алғыстар), «теләкләр» (тілектер), «догалар» (дұғалар) оқитын
болған. Мысалы, «Йоллык догасынан» үзінді келтірейік:
Ут Анабыз, сиңа корбаан бирәбез, кабул ит!
Ут Анабыз, барча кайгыларыбыздан, бәла-казаларыбыздан,
Хәсрәтле-уйларыбыздан, яман чирләрдән,
Зәһәр нурлардан тәнебезне-күңелебезне арула!
Бөек Тәңрем! Атам минем! газиз углың сиңа ялвара!
Күк Тәңрем! Синең көчең, көдрәтең артсын!
Олыг Тәңре! Үзең ярлыка барлыка языклардан!
Кайраккан, Кайраккан! Алас! Алас!
* * * *
209