БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 206

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. алаш азаматтарының есімдерін келер ұрпаққа айтып кетуді өзіне борыш санағанын саналы, көкірегі ояу әр адамның сезетіні хақ. Автор дүниетанымымен тікелей байланысты гештальттар – елдің құйрығын қарға шаншу, ұстазы жоқ елдей, Тобықты соры ашылмаған ел ғой, найманның қалған елі қарғамасын, көк қасқаң елдің ұл-қызы біз болдық қой, Бірақ сені қарғасам да, қарғамаймын сорлы елімді – кейіпкер бейнесін терең тануға мүмкіндік береді; в) «Ел – көнбіс» когнитивтік моделі. Бір жағынан, патшалық отарлау саясатының езгісінде, екінші жағынан, елдегі болыстардың езгісіне шыдай алмаған ел көтеріліске шықты. Алайда Ел сорлы – бақтың құсы емес пе, біреудің басына байыздап отыра ма? Болымсыз жем шашсаң, талайы-ақ еріп кетейін деп отыр деген авторлық метафора арқылы тулап-тулап,қайта басылатын ел мінезінің көнбістігін дәл айтып тұр. Патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырушы әскери, әкімшілік шен иелерін Сарала түйме таққан төренің елді, қазақты алғаш сатқаны бұл емес (китель, мундирлерінің сары аралас түсіне қарай аталып отыр) деп, оларға наразылығын ашық айтып отыр. Яғни автор имплицитті түрде адресатына эмоциялық-экспрессивті бірліктерді асыра қолданбай, қара сөздің қарапайым қолданысымен-ақ нақты ойды дәл беріп тұр; г) «Ел – бұзық» моделі. Еркіндік архетипі – құлдық бұғауға наразылықтың айғағы. Еркіндік архетипі – тұтас халықтар немесе оны құрайтын ұлттардың да сана-сезіміне сәуле құйғаны – тарихи даму диалектикасына әбден сәйкес құбылыс. Қайсыбір елдердің ішкі бірлігіне жетіп, іргесін бекітуі үшін тағдырдың талай соққыларын бастан өткізуі керек екен [6, 15 б.]. О баста момын, көнбіс елдің «бұзық ел» атануына не себеп? Автор мазмұндық концептуалдық ақпаратты жеткізуде үлкен шеберлік танытады. Мұндай ақпарат бүкіл шығармадан алынып, қоғамда болып жатқан және жазушы жасаған немесе оның қиялындағы әлемде болып жатқан қатынастарды, фактілерді, оқиғаларды, үдерістерді шығармашылықпен пайымдауды білдіреді. Мазмұндық- концептуалды ақпарат кейде жеткілікті айқын айтылмайды, сондықтан түрліше ұғындыруға мүмкіндік береді. Яғни 1916 жылғы патшаның қазақтан солдат алу туралы жарлығына ел қарсылығы мына диалог арқылы жеткізіледі: Қыдыш. Ұятты болдық, ұятты, қор қылды бұл ел. Бұзық ел, соны өзім әдейі сізге ауызба-ауыз айтайын деп келдім. Несін айтасыз? Болыс. Ендеше, несі бар? Обалы өзіне! Әбден өрісіне жібердік, дандайсып, шарасынан асып алған екен... Ояз (өтірік күліп, суық жымиып, біресе картаны лақтырып тастап, әкімше). Басынан қыспай, азғана ықтияр берілген... Оны бұл халық былай мазақ қылған. Но жарайды. Енді бұл елді только өртейтін керек. Бұл – величайший указға қарсылық... Бунт. Подумаешь, біздің государь императордың подданствосында – рахат тыныштықта отырып, ақ патшаның жерінде отырып, білесіңдер ме, бұзылғандар сендер!.. Сендерге ол көп болған. Дикий, невежественный ақмақ халық! Оған патшаның жерінде мал бағып отырған аз болған, ә?.. Айтыңдар қазір (жерді теуіп), сейчас же, сендерше не істеу керек? [7, 262 б.]. Өз жерінде отырып, жаттан осындай сөз есту кім-кімге де ұнай қоймас. Баяғы көнбіс, жуас ел патшаның өкілдерін бір қалтыратып алды. Автордың иллокуциялық ұстанымы – әділетсіздікке қарсы осылай бір көтеріліп алса, бәлкім патша райынан қайтар деген үміт; д) «Ел – сел» моделі. Сел – қар мен мұздың еруінен, қатты нөсердің әсерінен болатын су тасқыны. Бостандық үшін ешқашан күресін тоқтатпаған қазақ халқы Ресей отаршылдығына қарсы ірілі-ұсақты көптеген көтерілістер жасады. М.Әуезовтің ұлт-азаттық көтерілістер тақырыбын сөз еткен «Бекет», 205