БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 207
БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
«Хан Кене», «Түнгі сарын» драмалары бар. «Түнгі сарын» пьесасының негізгі
тақырыбы – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Пьесада патшаның 1916 жылғы
25 маусымдағы Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің «бұратана
халықтарының» ер азаматтарын (19 бен 25 жас арасындағы) майданның тыл
жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салуға,
окоптар қазуға) реквизициялау туралы жарлығына «тасқын судай кемерінен
асқан» халықтың қарсы шығуы көрініс табады. Осы бір тарихи оқиғаны
М.Әуезов пьесаның алтын өзегіне айналдырған. Көтерілісті бастаушылардың бірі
– Тәнекенің ояз Казанцевқа айтқан сөзі арқылы көтерілістің туу себептерін,
көтерілісшілердің алға қойған мақсатын түсінуге болады. Патшаның айдауына
көніп, болыстың озбырлығына төзіп, жігіттерді ажал оғына бергенше, бас
көтеріп, қарсы шығып, азаттық жолында өлуге даяр. Яғни «июнь жарлығы» –
төзімнің бітуі, ең соңғы шегі. Алайда тасқын селдей күш көрсеткісі келген елдің
күш қайраты Тұяқ серпіп еді. Бишара миллат ә, зұлмат түні әлі баста... Арылған
жоқ деп мұғалім айтқандай сәтсіз аяқталса да, Жантастың Еттен өтіп, сүйекке
жеткен қорлық, зорлық еді. Әйтеуір соған қарсы бір де болса қылыш суырып, оқ
аттық. Қалғаны не болса да, арман емес деген сөзінен автордың сол көтеріліске
деген өзіндік көзқарасын келер ұрпаққа шебер жеткізе білгенін көруге болады.
Бұл жерде автор тілдік тұлғасының тағы бір қыры – азаматтық тұлғасы ашылады.
М.Әуезовтің драмалық шығармаларындағы «Ел» концептісін талдау
барысында төмендегідей нәтижелерге көзіміз жетті:
Ел тобыр сияқты, көпшілік – 80%
Ел азамат, қоғам – 75% Оның ішінде 50% жағымсыз бейнеде «халықтың
құлы», ел әділетсіздіктің құрбаны.
Күнкөріс қамымен жүрген қарапайым ел – 90%.
Ел - ұлт – 100%.
Ел мемлекет иесі – 100%.
Ел - еңбекші халық – 100%.
Контекстегі ел концептісін құрайтын негізгі маркерлі сөздерді бөліп
көрсетуге болады: тонау, билік, ұлттық байлық, жабайы, қазақ халқы, киелі,
ояну, ашулы ел, шыдамды халық.
Автордың елді тобыр мен көпшілік ретінде суреттейтін сөздер мен сөз
тіркестері: ел - бала, бейшара ұлт, шыдамды, сабырлы ел, ернеуінен асқан ел, ел -
бұзық, ел- бауырсақ, жабайы, жақсылықты білмейтін ел, Алаш азаматтары;
Елді қоғамның азаиаттары ретінде бейнелейтін маркерлер: «төңкеріс»,
«ұттық байлық» т.б.;
Елді қоғамның қарапайым мүшесі ретінде суреттейтін келесі «ел әлі ұлттық-
азаматтық көтеріліске пісіп жетілген жоқ,», «ел байғұс тұяғын серпіп еді»,
«ел жеңіліске ұшырады», «июнь жарлығы» және патшаға, болысқа қарсы
көтеріліс тәрізді тілдік бірліктер арқылы көрініс береді.
Ұлт ретінде халық «киелі», «қазақ елі», «қазақ тарихы» маркерлері
арқылы анықталады.
Еңбекші ел М.Әуезов драмаларында «ашынған ел», «шыдамды ел»,
«ернеуінен асып төгілгелі тұрған ел», «тұсау кесіп, қанат қаққан ел», «қара
түн», «сорлы ел», «бұзық ел», елдің құйрығын қарға шаншу, ұстазы жоқ елдей,
Тобықты соры ашылмаған ел ғой, найманның қалған елі қарғамасын, көк қасқаң
елдің ұл-қызы біз болдық қой, Бірақ сені қарғасам да, қарғамаймын сорлы елімді
т.б. бейнелі тілдік бірліктер арқылы көрінеді.
Қорыта айтқанда, драмалық дискурстағы ел концептісінің когнитивтік
модельдері ел ұғымының концептуалдық жүйесін құрайды. Байқап отырсақ,
автор тілінде метафоралық көрініс белсенді қызмет атқарған.
206