БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
білмей бұл бала тас ошақтың басында от шашып ойнайды, от шашып ойнайды.
Қамыққан қамқор қаны... Бек буынған бағлан батыр қаны [7, 8 б.].
Бұл жердегі қара бұлт пен ақ бұлт шарпысып деген авторлық метафора ел
басына төніп келе жатқан жамандықты имлицитті түрде адресатқа жеткізіп тұр.
Сондай-ақ бұл бала тас ошақтың басында от шашып ойнайды, от шашып
ойнайды деп автор ассоциациялық когезияны, оның ішінде бейнелік когезияны
шебер қолданып тұр. Ассоциациялық когезиямен ұштасып, ақиқаттың сезім
арқылы қабылданатын объектілері туралы түсінік оятатын байланыс түрлерін
И.Гальперин бейнелік когезия деп түсіндіреді [5].
ә) «Ел – ер тірегі» когнитивтік моделі. Ұлттық дүниетанымдағы ер елі
үшін туып, елі үшін өледі деген пікір М.Әуезов драмаларында ерекше мәнге ие,
«елі еріне қамқор болуы керек» деген пікір айтылады. Мысалы:
Қарамеңде. Ағайын, көзіңе қан толып, түгіңді сыртыңа теуіп, бүгінгі
сөзге осынша түйіліп отырсың. Осының артынан ертеңгі сөзге, ертеңгі бәлеге
көзіңді салдың ба? Айтып отырған сөзіңнің жеңілі білегінің күші бар, жүрегінің
түгі бар, осы отырған аламанның маңдай алды бір туысқан бауырының қанын
төгем дейсің немесе екі ру елдің еңкейген кәрі, еңбектеген баласының қанын
төгіп, жасын ағызамын дейсің. Ел шырқын бұзамын дейсің. Қай сөзіңде
мақұлдық бар? Қай сөзіңде қасиет бар? Неңді қадір тұтайын! Қайран халқым,
азғаның ба әрекемен осындай! (Жым-жырт. Аздан соң) Арадан жол тап,
тыныштық ойла. Артыңдағы етегіңнен ұстаған еліңнің мойнына артқан
қарызын ойла. Бізді апарып арандат, жаңа жерден жау тауып әкел деп
ешқайсыңның елің де тапсырған жоқ [7,36 б.]. Жомарт (аздан соң). Қазаққа
қамқор болған Қараменде деп аталып едің! Ұғушы құлақ болса, айтылмай
қалған сөз жоқ! Батагөй қарттың сөзін сенің аузыңнан естіп отырмыз
(Наймандар ыза болған пішін білдіреді. Тым-тырс.) [7, 37 б.].
Осы үзіндідегі қ әрпіне құрылған аллитерациялық құбылыс пен
интонациялық үзілістер Қарамеңде мен қалың қауым арасындағы эмоционалдық
ахуалды, мәдени-этникалық дәстүрді автор адресатқа асқан шеберлікпен
танытып тұр. Еріне пана бола алмаған елден не үміт, не қайыр деген пікірді
имплицитті түрде жеткізеді;
б) «Ел – сорлы» когнитивтік моделі. М.Әуезов дискурсында метафора
құрамына енген ел лексемасы «ел» концептісі семантикасының бейнелік қабатын
құрады, яғни бейнелік лексика-семантикалық компоненттер «ел» ұғымының
ауыспалы мағынада белгілі бір заттық бейнелерге балануына қызмет етіп, тілдік
білімдегі дәстүрлі таныммен қатар авторлық таным арқылы да көрініс табады.
Мысалы, дәстүрлі ел – сорлы баламасы контексте оқушының санасында
«қорғансыз, әділетсіздіктің құрбаны» деген реалистік фон жасайтынын
байқаймыз. Мысалға мұғалім мен Жантас арасындағы мына бір диалогті
келтіруге болады:
Мұғалім. Онда елдің басшысыз болғаны ма: жоқ, ең болмаса, ана адвокат
Кәкеннің пікірін білу керек.
Жантас. Оны өзіңіз сынарсыз... Әйтеуір елдің шыдамы таусылып барады.
Мұғалім. Ел не істей алады? Адасады ғой сорлы!
Жантас. Бәрібір тасты жапалақа ұрсаң да, жапалақ өледі, жапалақпен
тасты ұрсаң да, жапалақ өледі. Елге де сын, басшыға да сын болар.
Мұғалім. Мүшкіл, мүшкіл хал [7, 249 б.].
Бұл жерде елдің халінің мүшкілдігі жапалақтың дәрменсіз халі арқылы
көрсетіліп, метафора мен теңеу қатар қолданылған. «Употребление сравнения и
метафоры, которое предполагает их переход друг в друга, указывает на
ассоциативный характер мышления автора» [5, 100 б.]. Шығармадағы көріктеу
құралдарын пайдалану мен оларды тану шығармашылық қабілетті қажет етеді.
203