БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
сорлы ел, ер қадірін білетін ел, болыстың айласы мен салмағы арқасына аяздай
батқан ел, қажыған ел, қайғылы ел, әлсіз ел, айласыз ел т.б.), ал жағымсыз
белгілерін (шоғыры ғана бүтін, азған ел, білегі жуан, ұзында өшті, қысқада
кекті, шолақ байталдың құйрығындай, өктем, өр, көзіне қан толған, түгі
сыртқа тепкен, сөзге еретін, елдігі кеткен ел, тасбауыр ел, қанішер, қанқұйлы,
жат ел, есалаң ел) сияқты ұғымдар қатары құрайды.
«Ел» концептісін алыс, жақын, шеткері перифериялар өрісіне
топтастырдық. Нәтижесінде М. Әуезов дискурсындағы «Ел» концептісінің
өзегіне ағайын, ру, алты арыс, халық, жұрт, топ, тобыр, қазақ, милләт сөздері
шоғырландырылды. «Ел» концептісіне жақын периферияға 24 ассоциат
топтасты: ауыл, аталас, ауылдас, туысқан, туған, аудан, жандар, көп, көпшілік,
малшы-қосшы, бейшаралар, зиялылар, азаматтар, мен, сен, жаман-жәутік,
кемпір-шал, бала-шаға, кедей, адам. Алыс периферияға: қасқыр «Қасқырша өз
күшігіңді өзің жейін дедің бе», жау, көкбөрі, бауырсақ, өрт лексемалары
жатады.
«Ел» концептісі – М.Әуезовтің аксиологиялық мінез-құлқын жеткізуші
доминант сөздердің бірі. Бұл – бүкіл ұлтқа, қала берді адамзатқа тән
аксиологиялық сөз, қолданысы кең лексикалық бірлік.
Сөзді ойната білу шеберлік, шешендік болуы мүмкін, бірақ ойды ойната
отырып, белгілі бір ұлттың концептуалдық дүниетанымындағы когнитивтік
кеңістікті тілдік астармен әдіптеу кез келген суреткердің қолынан келе бермейді.
Тілдік тұлға санасында концепт қалыптасудың ерекшеліктері, ең алдымен,
зерттелінетін, яғни концептіні репрезенттейтін лексемадағы жеке, авторлық
мағынаның берілуімен байланысты. Ел – дәстүрлі танымда белгілі бір жерді
мекендейтін, адамдардың тарихи қауымы. Ел сөзі ғылыми әдебиетте негізгі екі
мағынада саяси және мәдени этникалық мағынада қолданылады. Алғашқы
мағынасында ұлт сөзінің синонимі болып табылады. «Халық этнологиясында»
ел сөзі өзім-өзге оппозициясының контексінде түсіндіргенде негізгі ұғым болып
табылады. Халық ауыз әдебиетінде өз халқы туралы жақсы түсінік
қалыптастырылады, ал өзге ел туралы физикалық, әлеуметтік немесе моральдық
қатынастар ауытқымалы болады.
Тілдің когнитивтік бағыты мынадай екі мәселені шешуге негізделеді:
1. Санадағы кешенді білімнің танымдық құрылымын анықтау;
2. Оның концептуалдық жүйелену тәсілін, тілдік көрінісін айқындау [5, 79 б.].
Профессор Э.Сүлейменованың зерттеуінде тілдің когнитивтік аспектіде
көрінуі ондағы мазмұнның жан-жақты танылуы мен дүниені бүтіндей
меңгеруден байқалады. Бірақ тіл жеке тұрып ақиқат дүниені бүтіндей таныта
алмайды [6, 127 б.]. «Ел» концептісі индивидуалды түсінікте және поэтикалы
бейнеленуінде автордың жеке ситуациялары мен метафоралау тәсілдері арқылы
ерекшеленеді. Оны концептінің когнитивтік моделі арқылы анықтай аламыз.
а) «Ел – панасыз бала» когнитивтік моделі. «М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек»
пьесасындағы Абыз аузынан шыққан мына бір сөздерде елдің алаңсыз қалпы «от
шашып ойнаған балаға» бейнелене ассоциацияланып, ел басына төніп келе
жатқан қауіп-қатер болмай қоймайтын құбылыс ретінде сипатталады:
Абыз... Барары жоқ, байлау жоқ,
Ерім қайтып күн көрер!
Бәріңнің де нәрің жоқ,
Елім қайтып күн көрер?!
Кәрі көңіл – о бір зар. Күні еңкейіп көлеңке басқан бейуақтай. Самал желі
мұздай, көк майсаны сыздай етті. Ызғар сезген бойым бар. Панасыз ел – баладай...
Аспанда қара бұлт ақ бұлтпен шарпысып, телегей ойнап дауылдап ол келеді. Соны
202